+299 бонус

АРИСТА 20мг №4 табл

5990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тадалафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 20 мг тадалафил, қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, қабықтың құрамы: Опадри® II сары 31К32498 (лактоза моногидраты, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы, триацетин, темірдің қара тотығы).
Қолданылуы
- еркек жынысты ересек пациенттерде эректильді дисфункцияны емдеуде. Эректильді дисфункцияны емдегенде тадалафилдің әсері білінуі үшін сексуалды стимуляция қажет. Ариста препараты әйел адамдарға қолдануға арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - органикалық нитраттарды кез келген дәрілік түрінде бір мезгілде қолдану - клиникалық зерттеулерде тадалафил органикалық нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтетіні анықталды, бұл шамамен дәрілік заттардың азот тотығы/циклдік гуанозинмонофосфат (цГМФ) қатысуымен жасушаішілік сигнал беру процесіне біріктірілген әсерімен байланысты - 5 типті фосфодиэстераза (ФДЭ5) тежегіштерін бұрын пайдаланумен байланысқа қарамастан, артериитті емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (ААИОН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы - симптоматикалық артериялық гипотензияның потенциалды даму қаупіне байланысты гуанилатциклаза стимуляторларын, мысалы, риоцигуатты бір мезгілде қолдану. Препаратты сексуалдық белсенділік ұсынылмайтын жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын пациенттерге қолдануға болмайды. Жүрек-қантамыр аурулары бұрыннан бар пациенттерде сексуалдық белсенділік кезінде кардиологиялық қауіп дәрежесін ескерген жөн. Препарат жүрек-қантамыр жүйесінің төменде сипатталған аурулары бар пациенттерге (қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпараттың болмауы себебінен) қарсы көрсетілімді: - соңғы 90 күн ішінде бастан өткерген миокард инфарктісі; - жыныстық қатынас кезінде туындайтын стенокардия немесе тұрақсыз стенокардия; - соңғы 6 ай ішінде жүрек функциясының II және одан жоғары класты жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктеуі бойынша); - бақыланбайтын аритмиялар; - артериялық гипотензия (артериялық қысым (АҚ) 90/50 мм. сын.бағ) немесе бақыланбайтын артериялық гипертензия; - соңғы 6 ай ішінде бастан өткерген инсульт.
Дозасы
ЭД бар ересек еркектер Ұсынылған дозасы болжамды секуалдық белсенділік алдында 10 мг тадалафилді құрайды. Тадалафил 10 мг дозада жеткілікті әсерді қамтамасыз етпейтін пациенттерге дәрілік затты 20 мг дозада пайдалануға болады. Препаратты сексуалдық белсенділік алдында кемінде 30 минут бұрын қабылдау керек. Препаратты қабылдаудың ең жоғары жиілігі - тәулігіне бір рет. 10 мг және 20 мг дозалардағы тадафил болжамды сексуалдық белсенділік алдында қолдануға арналған; жоғарыда көрсетілген дозаларда дәрілік затты үздіксіз күнделікті қабылдау ұсынылмайды. Дәрілік затты жиі пайдалануды жоспарлап отырған пациенттерде (аптасына кемінде екі рет) пациенттің таңдауын және дәрігердің шешімін ескере отырып, тадалафилді төмен дозада күнделікті қабылдау режимі қолайлы болуы мүмкін. Мұндай пациенттерде ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет шамамен бір уақытта 5 мг тадалафилді құрайды. Дәрілік заттың көтерімділігіне қарай дозасын 2,5 мг дейін азайтуға болады (дәрілік препаратты көрсетілген дозалау режимін сақтауға мүмкіндік беретін тиісті дозада пайдалану керек). Препаратты күнделікті қабылдаудың мақсатқа сәйкестігіне мерзімді түрде қайта бағалау жүргізу керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға ұсынылмайды. Егде жастағы еркектер Егде жастағы пациенттерде дәрілік заттың дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясы бұзылған еркектер Бауыр функциясы бұзылған, ЭД бар пациенттерге ұсынылған дозасы ас ішуге қарамастан болжамды сексуалдық белсенділік алдында 10 мг тадалафилді құрайды. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар пациенттерге тадалафилді қолдану қауіпсіздігі жөніндегі клиникалық деректер шектеулі. Мұндай пациенттерге дәрілік затты пайдаланғанда пайда / қауіп арақатынасына мұқият жеке бағалау жүргізілуі керек. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тадалафилді 10 мг-нан астам дозаларда қолдану туралы деректер жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған еркектер Бүйрек функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерге дәрілік заттың дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге ең жоғары ұсынылған дозасы 10 мг тадалафилді құрайды. Қант диабеті бар еркектер Қант диабеті бар пациенттерге дәрілік заттың дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды тамақ ішуге қарамастан ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.