+194 бонус

АРИФАМ 1,5 мг/5 мг №30 таб

3890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амлодипин и диуретики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Лаборатории Сервье Индастри
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
Пациенттердегі амлодипин және индапамидпен емдеуді қажет ететін артериялық гипертензия. Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
белсенді заттарға, басқа сульфонамидтерге, дигидропиридин туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен) бауыр энцефалопатиясы немесе бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі гипокалиемия
Дозасы
Бекітілген дозадағы біріктірілген препарат бастапқы терапия үшін қолайлы емес. Егер дозаны өзгерту қажет болса, титрацияны жеке компоненттермен жүргізу керек. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау. Таблетканы шайнамай, бүтін қалпында сумен жұту керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препаратты таңертең тамақтанғанға дейін, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Адамда Арифам® препаратының артық дозалануына қатысты ақпарат жоқ. Индапамидке қатысты: Симптомдары: индапамид 40 мг-ға дейінгі дозада, яғни емдік дозадан 27 есе артық мөлшерде уытты емес. Жедел улану симптомдары ең алдымен су-электролиттік теңгерімнің бұзылуынан (гипонатриемия, гипокалиемия) көрінеді. Клиникалық көріністерге жүректің айнуы, құсу, гипотензия, құрысулар, вертиго, ұйқышылдық, сананың шатасуы, полиурия немесе олигурия жатады, анурияға дейін болуы мүмкін (гиповолемияға байланысты). Емі: бастапқы шаралар асқазанды шаю және/немесе белсендірілген көмірді енгізу жолымен ішке қабылданған заттың тез шығарылуын қамтиды, кейін арнайы мекемеде су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіреді. Амлодипинге қатысты: Адамға қатысты әдейі артық дозалану туралы ақпарат шектеулі. Симптомдары: қолда бар деректердің негізінде жедел артық дозалануы шамадан тыс шеткері вазодилатацияны және рефлекторлық тахикардияны тудыруы мүмкін деп болжауға болады. Айқын және тұрақты жүйелі гипотензияның, оның ішінде шоктың дамуы және өліммен аяқталу байқалды. Амлодипиннің артық дозалануы нәтижесінде өкпенің кардиогенді емес ісінуінің сирек жағдайлары хабарланды; ісіну кешіктіріліп басталуы мүмкін (препаратты қабылдағаннан кейін 24-48 сағаттан кейін) және механикалық желдетуді қажет етеді. Перфузия мен жүректің лықсуы сақтау үшін ерте реанимация шаралары (сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуін қоса) жеделдету факторлары болуы мүмкін. Емі: Амлодипиннің артық дозалануынан туындаған клиникалық маңызды гипотензия жүрек функциясын және сыртқы тыныс алу функциясын жиі бақылауды, аяқ-қолдарды көтеруді және айналымдағы қан мен диурез көлемін мұқият бақылауды қамтитын жүрек-қантамыр жүйесін белсенді қолдауды талап етеді. Вазоконстрикторлық құрал оны қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ болған жағдайда тамырлық тонус пен артериялық қысымды қалпына келтіруге көмектеседі. Кальций глюконатын вена ішіне енгізу кальций өзекшелерінің блокаторларының әсерін бейтараптандыруға жағымды әсер етуі мүмкін. Кейбір жағдайларда асқазанды шаю орынды. Дені сау еріктілерде 10 мг амлодипинді қабылдағаннан кейін 2 сағатқа дейінгі кезеңде белсендірілген көмірді қолдану амлодипиннің сіңу жылдамдығының төмендеуіне әкелді. Диализ тиімсіз, өйткені амлодипин қан плазмасы ақуыздарымен жоғары байланысады. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Индапамид пен амлодипинді жеке-жеке қабылдағанда туындайтын неғұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар гипокалиемия, ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру, көрудің бұзылуы, диплопия, жүректің соғуының жиілеуі, гиперемия, ентігу, іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, ішек перистальтикасының өзгеруі, диарея, іш қату, макулопапулалы бөртпе, тобықтың ісінуі, бұлшықет спазмы, ісіну және астения болып табылады. Өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 дейін <1/10); жиі емес (≥1/1 000 дейін ≤1/100); сирек (≥1/10 000 дейін ≤1/1 000); өте сирек (≤1/10 000); белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау жүргізу мүмкін емес). Өте жиі ісіну Жиі - гипокалиемия ұйқышылдық (әсіресе ем басталғанда), бас айналу (әсіресе ем басталғанда), бас ауыру (әсіресе ем басталғанда) көрудің бұзылуы, диплопия жүректің жиі соғуы гиперемия ентігу іштің ауыруы, жүрегі айну диспепсия, дефекация ырғағының өзгеруі диарея, іш қату макулопапулезді бөртпе тобық буынның ісінуі, бұлшықет спазмы шаршау, астения Жиі емес гиповолемиямен бірге гипонатриемия ринит ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгеруі (мазасыздықты қоса), депрессия тремор, дәм сезудің бұзылуы, синкопа, гипестезия, парестезия құлақ шулау, аритмия (брадикардияны, қарыншалық тахикардияны және жыпылықтайтын аритмияны қоса) гипотензия жөтел құсу, ауыздың құрғауы пурпура, алопеция, тері түсінің өзгеруі, гипергидроз, қышыну, бөртпе, экзантема, есекжем артралгия, миалгия, арқаның ауыруы несеп шығарудың бұзылуы, түнгі полиурия, поллакиурия эректильді дисфункция гинекомастия кеуденің ауыруы, ауыру, жалпы әлсіздік дене салмағының артуы, дене салмағының төмендеуі Сирек гипохлораемия гипомагниемия - сананың шатасуы вертиго Өте сирек лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, аплазиялық анемия, гемолиздік анемия жоғары сезімталдық гипергликемия, гиперкальциемия гипертонус, шеткері нейропатия васкулит панкреатит, гастрит, қызылиек гиперплазиясы гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы ангионевроздық ісіну, уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, Квинке ісінуі жарыққа сезімталдық бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бауыр ферменттері белсенділігінің артуы миокард инфаркті Жиілігі анықталмаған миопия, көрудің анық еместігі гипонатриемия гиповолиемиямен* экстрапирамидалық бұзылулар (экстрапирамидалық синдром) бауыр функциясының жеткіліксіздігі жағдайында бауыр энцефалопатиясының даму мүмкіндігі екі бағытты тахикардия (өліммен аяқталатын қауіпті) жедел диссеминацияланған қызылжегінің ықтимал нашарлауы электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы қандағы глюкоза деңгейінің артуы қандағы несеп қышқылы деңгейінің артуы жоғары қысымға байланысты көздің көруінің төмендеуі немесе көздегі ауырсыну (көздің тамырлы қабығында сұйықтықтың жиналуының ықтимал белгілері (хориоидальды жалқық) немесе жедел жабықбұрышты глаукома) * дегидратация және ортостаздық гипотензия тудырады. Хлор иондарының қатарлас жоғалуы компенсаторлық метаболизмдік алкалозға әкелуі мүмкін: осы құбылыстың жиілігі мен ауырлық дәрежесі шамалы болып табылады. ** негізінен холестазды көрсетеді Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz Қосымша мәліметтер Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 1,5 мг/5 мг таблеткалар: 1,5 мг индапамид және 6,935 мг амлодипин бесилаты, (5 мг амлодипинге баламалы), 1,5 мг/10 мг таблеткалар: 1,5 мг индапамид және 13,87мг амлодипин бесилаты, (10 мг амлодипинге баламалы) қосымша заттар: гипромеллоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, повидон К 30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций гидрофосфаты дигидрат, микрокристаллды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, желатинденген жүгері крахмалы қабығы: глицерин, гипромеллоза, темірдің тотығы (қызыл Е 172), макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы (Е 171)

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.