+187 бонус

АРАТРО 200 мг/5 мл 15 мл

9:00-ден кейін қолжетімді
3745 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Arafarma Group, S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Әр 5 мл суспензияның құрамында: белсенді зат – 209,62 азитромицин дигидраты (200,0 мг азитромицинге баламалы) қосымша заттар: сахароза, гидроксипропилцеллюлоза моногидраты, сусыз тринатрий фосфаты, ксантан шайыры, шие хош иістендіргіші 9/021095, ваниль хош иістендіргіші 9/024307, банан хош иістендіргіші 9/028122, тазартылған су.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылады: - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында: фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отит -төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында: бронхит, ауруханадан тыс пневмония. -тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында - жыныстық жолмен берілетін асқынбаған инфекцияларда (Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындаған)
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге макролидтер тобының антибиотиктеріне және кетолидтерге және препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдығы. - бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - 6 айға дейінгі балаларға
Дозасы
Дозалануы: Аратро препаратының бір дозасын тәулігіне тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Дене салмағы 45 кг астам балалар және егде жастағы пациенттерді қоса, ересектер: Азитромициннің жалпы дозасы 1500 мг құрайды. Жалпы дозаны 3 күн бойы қабылдау керек (тәулігіне 500 мг/1 рет). Chlamydia trachomatis туындаған асқынбаған генитальді инфекцияларда 1000 мг деңгейдегі дозаны ішу арқылы қабылданатын бір реттік доза түрінде қабылдау керек. Neisseria gonorrhoeae туындаған инфекцияларда ұсынылатын доза емді жүргізу бойынша жергілікті клиникалық ұсыныстарға сәйкес 250 мг және 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегетін пациенттерге тағайындағанда дәрігерлер ем жүргізу бойынша жергілікті ұсыныстарды ескеруі тиіс. Балалар популяциясы: Дене салмағы 45 кг аз балалар: Аратро суспензиясын дене салмағы 45 кг аз балаларға қабылдауға рұқсат етіледі. 6 айлыққа дейінгі балалар жасында енгізу туралы ақпарат жоқ. Балалардағы дозасы 10 мг/кг құрайды, 3 күн бойына тәулігіне бір реттік доза түрінде қабылданады: 15 кг дейінгі (3 жастан кіші): Ішу арқылы қабылданатын дозаны өлшеу үшін көлемі 10 мл дозалағыш шприцті пайдаланумен дозаны ең жоғары дәлдікпен өлшеу керек. Дене салмағы 15 кг астам балаларға, Аратро суспензиясын келесі ұсыныстарға сәйкес қаптама жиынтығында болатын дозалағыш шприцті пайдалану арқылы беру керек: 15 - 25 кг (3-7 жас): 5 мл (200 мг), 3 күн бойына тәулігіне бір рет. 26-35 кг (8-11 жас): 7,5 мл (300 мг), 3 күн бойына тәулігіне бір рет. 36-45 кг (12-14 жас): 10 мл (400 мг), 3 күн бойына тәулігіне бір рет. Бүйрек жеткіліксіздігі: Әлсіз немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегуші пациенттерде доза түзету қажет емес (шумақтық сүзіліс жылдамдығы: 10 - 80 мл/мин). Азитромицинді бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрінен зардап шегуші пациенттерге сақтықпен тағайындау керек (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 10 мл/мин). Бауыр жеткіліксіздігі: Бүйректе метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан дәрілік препаратты бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түрінен зардап шегуші пациенттерге енгізуден аулақ болу керек. Енгізу тәсілі: Аратро суспензиясы тек қана ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.