+875 бонус

АПИКСАР 2,5 мг №60 таб

17500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Апиксабан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – апиксабан 2,5 мг немесе 5 мг, қосымша заттар - сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза (МКЦ 102), натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты. Қабықтың құрамы: 2,5 мг доза үшін – Опадрай® II 32K220070 сары (Opadry® II 32K220070 Yellow) (гипромеллоза 2910, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172) және триацетин); 5 мг доза үшін – Опадрай® II 32K240058 қызғылт (Opadry® II 32K240058 Pink) (гипромеллоза 2910, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172)және триацетин).
Қолданылуы
Апиксар 2,5 мг және 5 мг препараты келесі жағдайларда қолдану үшін көрсетілген: NYHA бойынша (Нью-Йорк кардиология қауымдастығының жіктеуі бойынша) ФК ≥ II жүрек функциясының симптомдық жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, 75 және одан үлкен жас, қантты диабет, алдыңғы инсульт немесе өтпелі ишемиялық шабуыл (ӨИШ) сияқты бір немесе бірнеше қауіп факторлары бар жүрекшенің қақпақшалық емес фибрилляциясы (ЖҚЕФ) бар ересек пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы үшін терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ересектерде қайталанатын ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы Апиксар 2,5 мг ересектерде келесі жағдайларда қолдану үшін көрсетілген: - ұршықбуынын немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеуден кейін ересек пациенттерде веналық тромбоэмболиялық асқынулардың (ВТА) профилактикасы үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық -тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға - клиникалық айқын белсенді қан кету - бауыр ауруы коагулопатиямен және қан кетудің дамуының клиникалық маңызды қаупімен бірге - зақымдану ошағының немесе үлкен қан кетудің айқын қаупімен байланысты жағдайдың болуы, мысалы, қазіргі немесе жақын арада болған АІЖ ойықжарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі ісіктердің болуы, мидың немесе жұлынның жақында болған жарақаты, миға, жұлынға немесе көзге жақында жасалған операция, жақында өткен бассүйекішілік қан кету, өңеш веналарының анықталған немесе күдікті варикозды кеңеюі, тамырлардың артерия-веналық даму ауытқулары, тамыр аневризмасы немесе ірі омыртқаішілік немесе ми тамырларының патологиялық жағдайы - антикоагулянттармен емдеуге көшу жағдайларынан басқа, кез келген басқа антикоагулянтпен, мысалы фракцияланбаған гепаринмен (ФБГ), төмен молекулалы гепаринмен (эноксапарин, далтепарин және т. б.), гепарин туындыларымен (фондапаринукс және т. б.), пероральді антикоагулянттармен (варфарин, ривароксабан, дабигатран және т. б.) бір мезгілде қолдану, орталық веналық немесе артериялық катетердің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін немесе жүрекшелер фибрилляциясына байланысты катетерлік абляция кезінде ФБГ қолдану үшін қажетті дозаларда ФБГ енгізілгенде
Дозасы
Жүрекшелердің қақпақшалық емес фибрилляциясы (ЖҚЕФ) бар пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактика Апиксабанның ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 5 мг құрайды. Дозаны төмендету ЖҚЕФ және кем дегенде келесі екі қауіп факторы бар пациенттер үшін - 80 жас және одан жоғары, дене салмағы ≤ 60 кг немесе қан сарысуындағы креатинин концентрациясы ≥ 1,5 мг/дл (133 мкмоль/л) болса - апиксабанның ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 2,5 мг құрайды. Терапия ұзақ болуы керек. ТВТ емдеу, ӨАТЭ емдеу және қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ профилактикасы (ВТА емдеу) Жедел ТВТ емдеу және ӨАТЭ емдеу үшін апиксабанның ұсынылатын дозасы алғашқы 7 күн ішінде тәулігіне пероральді екі рет 10 мг, содан кейін тәулігіне пероральді екі рет 5 мг құрайды. Қолда бар медициналық ұсыныстарға сәйкес емдеудің қысқа ұзақтығы (кем дегенде 3 ай) уақытша қауіп факторларына негізделуі керек (мысалы, жақында жасалған хирургиялық араласу, жарақат немесе иммобилизация). Қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ профилактика үшін апиксабанның ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет пероральді 2,5 мг құрайды. Қайталанатын ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы көрсетілген кезде препаратты тәулігіне екі рет 2,5 мг дозада пероральді қабылдауды апиксабанмен тәулігіне екі рет 5 мг дозада немесе басқа антикоагулянтпен емдеудің 6 айлық курсы аяқталғаннан кейін төмендегі 1-кестеде көрсетілгендей бастаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.