+900 бонус

АПИДРА СолоСтар 100 МЕ/мл 3 мл №5 шпр/ручек

9:00-ден кейін қолжетімді
18000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инсулин глулизин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - инсулин глулизин, 3.49 мг (100 ӘБ инсулинге баламалы) қосымша заттар: мета-крезол, трометамол (трометамин), натрий хлориді, полисорбат 20, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- инсулин емі көрсетілген кезде ересектерде, жасөспірімдерде және 6 немесе одан үлкен жастағы балалардағы қант диабетін емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына жоғары сезімталдық - гипогликемия
Дозасы
Апидра® СолоСтар® препаратының белсенділігі бірліктермен анықталады. Бұл бірліктер тек Апидра® СолоСтар® препараты үшін ғана тән және ХБ немесе инсулиннің басқа аналогтарының тиімділігін білдіру үшін қолданылатын бірліктерге тепе-тең емес. Апидра® СолоСтар® препаратын орташа немесе ұзақ әсер ететін инсулині бар немесе базальді инсулин аналогы режимдерінде пайдалану қажет, сондай-ақ препаратты пероральді гипогликемиялық дәрілермен бірге пайдалануға болады. Апидра® СолоСтар® препаратының дозасын жеке таңдайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі 6 жасқа дейінгі балаларда зерттелген жоқ. Егде жастағы пациенттер Қант диабетімен ауыратын егде жастағы пациенттердің организміндегі фармакокинетикасы туралы деректер жеткіліксіз. Бүйрек функциясының бұзылуы инсулинге қажеттілікті төмендетуі мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде глулизин инсулиннің фармакокинетикалық қасиеттері зерттелмеген. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде глюконеогенезге қабілетінің төмендеуіне және инсулин метаболизмінің төмендеуіне байланысты инсулинге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Инсулин глулизиннің фармакокинетикалық қасиеттері, әдетте, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақталады. Алайда, бүйрек функциясы бұзылған жағдайда инсулинге қажеттілік төмендеуі мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Тері астына енгізуге арналған. Апидра® СолоСтар® препаратын тері астына инъекция түрінде енгізу қажет. Апидра® СолоСтар® іш, жамбас немесе иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне инъекция арқылы тері астына енгізіледі. Липодистрофия мен тері амилоидозының даму қаупін азайту үшін инъекциялау жерлерін әрдайым бір аймақ шегінде өзгертіп тұрған жөн. Сіңу жылдамдығы, демек, даму уақыты мен әсер ету ұзақтығы инъекция орнына, физикалық белсенділікке және басқа факторларға байланысты болуы мүмкін. Құрсақ қабырғасына тері астына енгізу инъекция енгізудің басқа аймақтарымен салыстырғанда біршама жылдамдатылған сіңуді қамтамасыз етеді. Препараттың қантамырға еніп кетпегенін қадағалап отырған жөн. Инъекциядан кейін енгізу орнын уқаламау қажет. Пациентті дұрыс инъекция техникасын жасауды үйрету қажет. Солостар® қолданар алдында шприц-қаламды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.