АПДРОПС 5 мл гл. капли

1940 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Моксифлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Аджанта Фарма Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл құрамында белсенді зат – 5.45 мг моксифлоксацин гидрохлориді (5.0 мг негізгі моксифлоксацинге баламалы) қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетрабораты, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған іріңді бактериялық конъюнктивитті жергілікті емдеу үшін Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
моксифлоксацинге, басқа да хинолондарға немесе 6.1 тармағында көрсетілген препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық лактация кезеңі
Дозасы
Дозалану режимі Зақымданған көзге 1 тамшыдан тамызу керек. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Күніне 3 рет Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы инфекцияның клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты болады. Әдетте жақсару жағдайы емдеуді бастағаннан кейінгі 5 күн ішінде байқалады, одан кейін емдеуді тағы 2-3 күн жалғастырған дұрыс. Емдеуді бастағаннан кейінгі 5 күн ішінде жақсаруы байқалмаған жағдайда, диагнозды және/немесе емдеуді қайта қарау ұсынылады. Көзге тамызатын дәрінің мұрын шырышты қабығы арқылы жүйелік қан ағымына сіңуін болдырмас үшін, әсіресе жаңа туған нәрестелер мен балаларға қолданғанда, тамшыны тамызғаннан кейін мұрын-көзжасы өзегін 2 – 3 минут қысып ұстай тұрған дұрыс. Құты ішіндегісін ластамау үшін тамшуырдың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізіп алмау керек. Апдропс көзге тамызатын дәрісін балаларға қолданғанда дозаны түзетудің қажеті жоқ. Апдропс көзге тамызатын дәрісін егде жастағы пациенттерге қолданғанда дозаны түзетудің қажеті жоқ. Апдропс көзге тамызатын дәрісін бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда дозаны түзетудің қажеті жоқ. Біреуден артық офтальмологиялық дәрілерді пайдаланған кезде препараттарды қолдану арасында кем дегенде 5 минут аралықты сақтаған жөн. Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар Апдропс көзге тамызатын дәрісімен артық дозалану жағдайлары туралы деректер жоқ. Конъюнктивалық қалтаның шектеулі сыйымдылығы Апдропс препаратымен артық дозалануға мүмкіндік бермейді. Бір құтыдағы моксифлоксациннің мөлшері кездейсоқ ішке қабылдап қойғанда уыттануды туындату үшін мардымсыз. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медициналық қызметкерден кеңес алу жөнінде нұсқаулар Қолданар алдында емдеуші дәрігерден міндетті түрде кеңес алыңыз. Емдеуші дәрігерге қандай да болсын басқа препараттарды қабылдап жүргеніңіз, жақын арада қабылдағаныңыз немесе қабылдай бастауыңыз мүмкін екендігін мәлімдеңіз. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жағымсыз реакциялардың жіктеуі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000) немесе белгісіз (жиілігін қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес). Әрбір топта жағымсыз әсерлер айқындылығының кему ретімен берілген. Қан жүйесі және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар Сирек: гемоглобин деңгейінің төмендеуі Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар Белгісіз: жоғары сезімталдық Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар Жиі емес: бас ауыру Сирек: парестезия Белгісіз: бас айналу Көру мүшесі тарапынан бұзылулар Жиі: көз(дер)дің ауыруы, көздің тітіркенуі Жиі емес: нүктелі кератит, «құрғақ» көз синдромы, көз гиперемиясы, субконъюнктивальді қан құйылу, көздің қышуы, қабақтың ісінуі, көзде жайсыздық Сирек: мөлдір қабық эпителийінің кемістігі, мөлдір қабық аурулары, конъюнктивит, қабақтың қабынуы, көздің ісінуі, конъюнктиваның ісінуі, көрудің көмескіленуі, көру жітілігінің төмендеуі, астенопия, қабақтың эритемасы Белгісіз: эндофтальмиттер, ойық жаралы кератит, мөлдір қабықтың эрозиясы, мөлдір қабықтың абразиясы, көзішілік қысымның жоғарылауы, мөлдір қабықтың көмескіленуі, мөлдір қабықтың инфильтрациясы, мөлдір қабықтың преципитаты, көздің аллергиясы, кератит, мөлдір қабықтың ісінуі, көз қарығуы, қабақтың ісінуі, көз жасы бөлінуінің ұлғаюы, көзден бөлінділердің бөлінуі, көзде бөгде денелерді сезіну Жүрек тарапынан бұзылулар Белгісіз: жүрек қағуының жиілеуі Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар Сирек: мұрын қуысында жайсыздық, фаринголарингиальді ауыру, тамақта бөгде затты сезіну Белгісіз: ентігу Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар Жиі емес: дәмнің бұзылуы Сирек: құсу Белгісіз: жүректің айнуы Гепатобилиарлық жүйе тарапынан бұзылулар Сирек: аланинаминотрансфераза, гамма-глутамилтрансфераза деңгейлерінің жоғарылауы Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар Белгісіз: терінің қызаруы, бөртпе, қышыну, есекжем Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы Жүйелік хинолондармен ем қабылдап жүрген пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциялары (анафилаксиялық шок) және өліммен аяқталған жекелеген жағдайлар, кейде алғашқы дозадан кейін бірден байқалды. Кейбір реакциялар жүрек-қантамыр функциясының жеткіліксіздігімен, сананың жоғалуымен, қантамырлық ісінумен (ларингеальді, фарингеальді ісінуді немесе беттің ісінуін қоса), тыныс алу жолдары өткізгіштігінің бұзылуымен, ентігумен, уртикарлы бөртпемен және қышынумен қатар жүрді. Иық буыны, қол буындары сіңірлерінің, ахилл сіңірінің немесе басқа да сіңірлердің үзілуі жөнінде хабарламалар бар, олар ұзақ уақыт еңбекке қабілетсіздікке әкеп соқты немесе хирургиялық араласымды қажет етті. Бұл құбылыстар жүйелік хинолондармен ем қабылдаған пациенттерде білінді. Клиникалық зерттеулер және тіркеуден кейін қолдану деректері бойынша, жүйелік хинолондармен емделгенде сіңірлердің үзілу қаупі емдеу сызбасына кортикостероидтарды қосқан кезде ұлғаюы мүмкін және аса қауіпті топта егде жастағы пациенттер болады. Көбіне зақымдануға тірек буындарының сіңірлері, соның ішінде ахилл сіңірі ұшырайды. Балалар популяциясы Жаңа туған нәрестелерді қоса, балалардың қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулерде моксифлоксациннің инстилляциялар түрінде қауіпсіз екендігі көрсетілді. 18 жасқа дейінгі пациенттерде көздің ауыруы және көздің тітіркенуі өте жиі білінді, таралу жиілігі шамамен 0.9%. Педиатриялық популяцияда клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша, жағымсыз құбылыстар бейінінің және олардың ауырлығының ересек популяциялардан айырмашылығы байқалған жоқ. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.