+331 бонус

АНТАРИС 6 мг №30 таб

6635 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глимепирид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 6 мг глимепирид қосымша заттар: лактоза моногидраты (200M), микрокристалды целлюлоза (МКЦ-101), повидон К30, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты
Қолданылуы
- тек диета, дене жаттығулары және салмақ кемуі аурудың жеткілікті бақылануын қамтамасыз етпегенде 2 типті қант диабетін емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- глимепиридке, басқа сульфонилмочевина препараттарына, сульфаниламидтерге немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - инсулинге тәуелді қант диабеті - диабеттік кома - кетоацидоз - бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары. Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары жағдайында пациентті инсулинге ауыстыру қажет - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы барлар
Дозасы
Қант диабетін сәтті емдеуге тиісті диета, жүйелі дене жаттығулары, сондай-ақ қан мен несептің сәйкес параметрлерін тұрақты тексерулер негіз болады. Таблеткалар немесе инсулин пациентке ұсынылған диетаның қадағалану қажеттілігін тоқтатпайды. Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 мг немесе 2 мг глимепиридті құрайды. Гипогликемия қаупі жоғары пациенттерге күнделікті 1 мг қабылдаудан бастау ұсынылады. Тәуліктік 2 мг дозаға жеткеннен кейін дозаны одан әрі арттыруға қан мен несептегі глюкоза деңгейін талдау нәтижелері бойынша 1 мг немесе 2 мг қадаммен қол жеткізуге болады. Ең жоғары ұсынылатын доза тәулігіне 8 мг құрайды. Антарис® препаратына сульфонилмочевина туындыларын ұзақ уақыт қолданудан ауысқан пациенттерде препараттың біріктірілген әсері 1-2 апта бойы байқалуы мүмкін және гипогликемия кезінде тиісті түрде бақылануы керек. Колесевеламды глимепиридинмен бірге тағайындағанда, қан плазмасындағы ең жоғары концентрация және глимепиридиннің әсері төмендейді. Сондықтан Антарис® препаратын колесевеламды қолдану алдында кемінде 4 сағат бұрын қабылдау керек. Емдеу барысында, инсулинге сезімталдықтың артуымен қатар жүретін қант диабетін бақылаудың жақсаруына қарай, глимепиридке қажеттілік төмендеуі мүмкін. Сондықтан, гипогликемияға жол бермеу үшін, осындай жағдайларда дозаны дер кезінде азайту немесе емді тоқтату қажеттілігін есте ұстау керек. Дозаны түзету дене салмағы немесе өмір салты өзгерген, сондай-ақ гипо- немесе гипергликемияның даму қаупінің артуына ықпал ететін басқа факторлар жағдайында қажет болуы мүмкін. - Инсулиннен глимепиридке ауысу 2 типті қант диабеті бар пациенттер инсулинмен емдеуден өтетін айрықша жағдайларда Антарис® препаратымен емдеуге көшу көрсетілуі мүмкін. Осылай ауысу дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізілуі тиіс. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды аз мөлшердегі сұйықтықпен шайнамай жұтқан жөн. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Антарис® препаратын тікелей таңғы ас кезінде немесе алғашқы негізгі тамақты ішу кезінде қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.