+45 бонус

АНТАРИС 2 мг №30 таб

900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глимепирид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат –1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг глимепирид қосымша заттар: 1 мг таблеткалар – лактоза моногидраты (200M), микрокристалды целлюлоза (МКЦ-101), повидон K30, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, Понсо 4R (Е124) 2 мг таблеткалар – лактоза моногидраты (200M), микрокристалды целлюлоза (МКЦ-101), повидон K30, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, темірдің сары тотығы (Е172), индигокармин (E132) 3 мг таблеткалар – лактоза моногидраты (200M), микрокристалды целлюлоза (МКЦ-101), повидон K30, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, темірдің сары тотығы (Е172) 4 мг таблеткалар – лактоза моногидраты (200M), микрокристалды целлюлоза (МКЦ-101), повидон K30, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, индигокармин (Е132)
Қолданылуы
- тек диета, дене жаттығулары және салмақ кемуі аурудың жеткілікті бақылануын қамтамасыз етпегенде 2 типті қант диабетін емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- глимепиридке, басқа сульфонилмочевина препараттарына, сульфаниламидтерге немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - инсулинге тәуелді қант диабеті - диабеттік кома - кетоацидоз - бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары. Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары жағдайында пациентті инсулинге ауыстыру қажет - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы барлар
Дозасы
Қант диабетін сәтті емдеуге тиісті диета, жүйелі дене жаттығулары, сондай-ақ қан мен несептің сәйкес параметрлерін тұрақты тексерулер негіз болады. Таблеткалар немесе инсулин пациентке ұсынылған диетаның қадағалану қажеттілігін тоқтатпайды. Дозалануы қандағы және несептегі глюкоза деңгейлерін талдау нәтижелері бойынша анықталады. Бастапқы доза тәулігіне 1 мг глимепирид құрайды. Егер бұл орайда талапқа сай бақылау деңгейіне жеткен болса, дәл осы дозаны демеуші ем үшін пайдалану керек. Препаратты қолданудың әртүрлі режимдеріне сәйкес келетін шығарылу түрлері бар. Бақылау жеткіліксіз болса, гликемиялық бақылау көрсеткіштеріне қарай, сатылар арасында 1-2 апта аралықпен, дозаны тәулігіне 2, 3 немесе 4 мг глимепиридке дейін сатылы арттыру қажет. Тәулігіне 4 мг глимепиридтен көбірек дозалау айрықша жағдайларда ғана үздік нәтижелер береді. Ең жоғары ұсынылған дозасы тәулігіне 6 мг глимепирид құрайды. Метформиннің ең жоғары тәуліктік дозаларында ауруы жеткілікті бақыланбайтын пациенттерге глимепиридпен қатарлас ем тағайындауға болады. Метформиннің пайдаланылған дозасын сақтаумен, глимепиридпен емді ең төмен дозадан бастап, кейіннен метаболизм бақылауының тиісті деңгейіне қарай ең жоғары тәуліктік дозаға дейін жеткізіп титрлеу керек. Осылай біріктірілген емді дәрігердің мұқият қадағалауымен ғана бастаған дұрыс. Антарис® ең жоғары тәуліктік дозада пайдаланылғанда жеткілікті бақылау деңгейіне жетпеген пациенттерге, қажет болса, инсулинмен қатарлас ем тағайындауға болады. Глимепиридтің пайдаланылған дозасын сақтай отырып, инсулинмен емді төмен дозадан бастап, кейіннен метаболизм бақылауының қалаған деңгейіне қарай арттырып отыру керек. Осы біріктірілген емді дәрігердің мұқият қадағалауымен ғана бастаған жөн. Егер тәулігіне бір рет 1 мг глимепирид қабылдау аясында пациентте гипогликемиялық реакция дамыса, бұл осы пациентке ауруын бақылау үшін тиісті диета ғана жеткілікті болуы мүмкін екенін айғақтайды. Емдеу барысында, инсулинге сезімталдықтың артуымен қатар жүретін қант диабетін бақылаудың жақсаруына қарай, глимепиридке қажеттілік төмендеуі мүмкін. Сондықтан, гипогликемияға жол бермеу үшін, осындай жағдайларда дозаны дер кезінде азайту немесе емді тоқтату қажеттілігін есте ұстау керек. Дозаны түзету дене салмағы немесе өмір салты өзгерген, сондай-ақ гипо- немесе гипергликемияның даму қаупінің артуына ықпал ететін басқа факторлар жағдайында қажет болуы мүмкін. - Инсулиннен глимепиридке ауысу 2 типті қант диабеті бар пациенттер инсулинмен емдеуден өтетін айрықша жағдайларда Антарис® препаратымен емдеуге көшу көрсетілуі мүмкін. Осылай ауысу дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізілуі тиіс. - Басқа пероральді гипогликемиялық дәрілерден глимепиирдке ауысу Басқа пероральді гипогликемиялық дәрілерден Антарис® препаратына ауысуға жалпы алғанда жол беріледі. Антарис® препаратына ауысқан кезде алдыңғы дәрілік препараттың дозасын және жартылай шығарылу кезеңін ескеру керек. Кейбір жағдайларда, атап айтқанда, жартылай шығарылу кезеңі ұзақ диабетке қарсы дәрілерді қабылдағанда (мысалы, хлорпропамид), гипогликемиялық реакциялардың аддитивті әсерінен туындайтын қауіпті барынша азайту мақсатында бірнеше күнге созылатын жуып-шаю кезеңі ұсынылады. Ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 1 мг глимепирид құрайды. Реакциясына қарай, жоғарыда сипатталғандай, глимепирид дозасын сатылы арттыруды қарастыруға болады. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды аз мөлшердегі сұйықтықпен шайнамай жұтқан жөн. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Антарис® препаратын тікелей таңғы ас кезінде немесе алғашқы негізгі тамақты ішу кезінде қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.