АНКЕРМАНН В12 1 мг №50 таб п/о

8140 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цианокобаламин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Вёрваг Фарма ГмбХ & Ко. КГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат — цианокобаламин (B12 дәрумені) 1.0 мг ( 5 % артығымен), қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон K30, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, қабықтың құрамы: гуммиарабик, макроголглицерол гидроксистеараты, кальций карбонаты, макрогол 6000, сахароза, тальк, титанның қостотығы (Е 171), каолин, натрий лаурилсульфаты, Аquapolish® P ақ, монтанды- гликол балауызы.
Қолданылуы
B12 Анкерманн® препараты ересектердегі B12 дәрумені тапшылығын емдеуде қолданылады: - тағам арқылы түсуі жеткіліксіз болғанда, тамақтану теңгерімінің ұзақ уақыт бойы бұзылуы кезінде (мысалы, қатаң вегетариандық диета); - мальабсорбция синдромының салдарынан (ішкі фактордың жеткіліксіз өндірілуінің салдарынан) оның сіңірілуі бұзылған кезде, асқазан-ішек жолы шырышты қабатының атрофиясы, кейбір дәрілік препараттарды қолдану (мысалы, протонды помпа тежегіштері, Н2-гистаминді рецепторлардың блокаторлары, метформин), мықын ішектің терминалды бөлігінің ауруында (мысалы, целиакияда), соқыр ішек синдромында, гастрэктомия немесе асқазанды шунттау операциясынан кейін; - гиперхромды мегалобласты макроциттік анемияда, пернициозды анемияда, сонымен қатар макроциттік анемияның басқа түрлерінде.
Қарсы көрсетілімдер
- цианокобаламин немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - темекі шегу немесе алкоголь қолданудың салдарынан туындаған көрудің бұзылуы (темекі-алкогольді амблиопия) немесе пернициозды анемияның салдарынан көру жүйкесінің қабынуы (ретробульбарлы неврит); - көру жүйкесінің дегенерациясы; - цианидті уытсыздандыруды талап ететін жай күй (бұл жағдайда кобаламиннің басқа туындыларын қабылдаған жөн).
Дозасы
Дозалану режимі Мөлшері симптоматикасына байланысты белгіленеді:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.