+101 бонус

АНГИНОВАГ 20 мл спрей

2020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тиротрицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Феррер Интернасьональ С.А.
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді заттар - деквалиний хлориді 0.1 г, тиротрицин 0.4 г, β–глициррет қышқылы 0.06 г, гидрокортизон ацетаты 0.06 г, лидокаин гидрохлориді 0.1 г, қосымша заттар: пропиленгликоль, ананас майы, натрий сахаринаты, этанол 96 %.
Қолданылуы
Ангиноваг ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде ауырсыну, қабыну және қызбаның болмауымен бірге жүретін ауыз-жұтқыншақтың жеңіл инфекцияларын жергілікті емдеуге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарына) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ауыз қуысының шырышты қабығының ауыр зақымданулары бар пациенттерге
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға. Екпінді дозасы әр 2-3 сағат сайын 1-2 бүркуден, демеуші дозасы – әр 6 сағат сайын 1 бүркуден. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балаларда Ангиновагтың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың шығарылуы қиындауы мүмкін. Сондықтан, ондай пациенттерде дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар, бауыр функциясы төмендеген пациенттерде, гидрокортизонның метаболиздену мүмкіндігіне кепілдік беру үшін, жекелей дозалау қажет болуы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Орофарингеальді пайдаланылады. Дұрыс пайдалану жөніндегі нұсқаулар: Аузыңызды кең ашыңыз. Бүріккіштің түтігін зақымданған бөлікке (тамақ, ауыз, тіл және т. б., егер қатысы бар болса) бағыттаңыз. Бөтелкені тік қалпында ұстап тұрып, қақпақтың үстіңгі бөлігін түбіне дейін басыңыз. Құтыда бүріккіш-клапаны болады: қақпағын түбіне дейін әрбір басқан сайын дәрінің дозаланған мөлшері ағып шығады. Егер бөтелке жаңа болса немесе бірнеше күн бойы пайдаланылмаса, алғашқы бірнеше спрейді ауаға шашыңыз. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Екпінді дозасы әр 2-3 сағат сайын 1-2 бүркуден, демеуші дозасы – әр 6 сағат сайын 1 бүркуден. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.