+171 бонус

АНГАЛ С ментол 30 мл спрей

3430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: 1.064 г хлоргексидин диглюконаты 20% ерітіндісі 0.050 г лидокаин гидрохлориді қосымша заттар: 0.030 г лимон қышқылының моногидраты, 20.0 г глицерин, 0.10 г натрий сахарині, 0.60 г левоментол, 0.250 г цинеол, 35.00 г этил спирті 96%, 100 мл ± 40.506 г тазартылған су.
Қолданылуы
Жергілікті қолдануға арналған. - жұтқыншақ және тамақ ауруларын симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 5 жасқа толмаған балалар - препарат құрамында левоментол болғандықтан анамнезінде бұлшықет құрысулары (оның ішінде қызбамен бірге құрысулары) бар балаларға - алкогольге тәуелділік - жүктілік және лактация кезеңі (Арнайы ескертулер бөлімін қараңыз)
Дозасы
Жергілікті қолдануға арналған. Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: бүріккіштің тетігін 3-тен 5-ке дейінгі бірізді басу арқылы; емшараны күніне 6-дан 10 ретке дейін қайталау керек. 5 жастан асқан балаларға: бүріккіштің тетігін 2-ден 3-ке дейінгі бірізді басу арқылы; емшараны күніне 3-тен 5 ретке дейін. Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза 0.85 мг хлоргексидинді және 0.21 мг лидокаинді құрайды. Хлоргексидиннің ең жоғары тәуліктік дозасы - 8.5 мг және 2.1 мг лидокаин. Қондырманы әрбір басқан сайын 0.085 мл ерітінді бүркіледі. Ангал® С спрейдің белсенді заттар баяу және біртіндеп босап шығып, лидокаинге байланысты жергілікті жансыздандыратын әсер етеді, әсері тез дамиды – 2-5 минуттан кейін және 30-45 минутқа созылады. Егер симптомдар нашарласа немесе осы уақыт ішінде жақсармаса немесе пациентте жоғары дене температурасымен қатар жүретін бактериялық инфекция байқалса, онда инфекцияны қосымша емдеу қажет және дәрігерге қаралыңыз. Енгізу әдісі мен жолы Препарат тек әр адамға жеке пайдалануға арналған. Біреуден көп адамның қолдануы инфекцияны туындатуы және таратуы мүмкін. Қолданар алдында Ауызды кеңірек ашып, бүріккішті құтыға бүріккішті аңқаға қарай перпендикулярлы етіп бағыттап, бүріккіштің тетігін бұрыңыз. басыңыз. Бүрку кезінде тынысты кідірте тұрыңыз. Әрбір пайдаланудан кейін бүріккішті бөгеу үшін төмен қаратып, бастапқы қалпына келтіріңіз. Егер Ангал® С біршама уақыт ішінде пайдаланылмаса, соңғы пайдаланудан кейін бүріккіштің тесігін төменде берілген нұсқауларды орындай отырып, тазарту ұсынылады: 1. құтының бас жағын төмен қарай төңкеріп, адаптердегі ерітінді толық жойылғанша (ерітіндінің бүркілуі тоқтайды) бүріккіштің тетігін басыңыз; 2. бүріккіштің түтігін бүркуге арналған тесігінен шығарып алыңыз және оны ішінде жылы суы бар ыдысқа бірнеше минутқа салып қойыңыз; 3. бүріккіштің түтігін судан шығарып алыңыз және кептіріңіз; 4. бүркуді бөгеу үшін бүріккіштің түтігін төмен қарайтындай етіп жалғаңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.