+134 бонус

АНГАЛ С 30 мл спрей со вкус. лимона

2680 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 1.064 г хлоргексидин диглюконатының 20% ерітіндісі 0.050 г лидокаин гидрохлориді қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, сукралоза, лимон хош иістендіргіші CRA1585L, пропиленгликоль, глицерин, 96% этил спирті, тазартылған су.
Қолданылуы
Ангал® С микробқа қарсы және ауырсынуды басатын әсерге ие, сондықтан оны келесі жағдайларда жергілікті қолдану ұсынылады: - стоматит және гингивит сияқты ауыз қуысының шырышты қабығының инфекциялық қабынуларын, сондай-ақ фарингитті қоса, жұтқыншақты емдеу - ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуының ауырсынуын басу - ауырсындыратын жұтынуды мен тітіркенуді қоса, тамақтағы ауыру симптомдарын жеңілдету Ангал® С ересектерге, жасөспірімдерге және 6 жастан асқан балаларға көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша затына жеке жоғары сезімталдық - 6 жасқа толмаған балалар - алкогольге тәуелділік
Дозасы
Жергілікті қолдануға арналған. Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер: бір реттік дозада, 12 жастан асқан балаларға бір реттік дозада 104,46 мг этанол құрамын ескере отырып, бүріккіш түймесін 3-5 рет басу саны; емшараны күніне 6-дан 10 ретке дейін қайталау керек. 6 жастан асқан балаларға: бүріккіштің басу тетігін 2-ден 3-ке дейінгі бірізді басу арқылы; емшараны күніне 3-тен 5 ретке дейін. Препарат тек жеке пайдалануға арналған. Біреуден көп адамның қолдануы инфекцияның таралуына әкелуі мүмкін. Қолданар алдында Ауызды кеңірек ашып, бүріккішті құтыға бүріккішті аңқаға қарай перпендикулярлы бағыттап, бүріккіштің тетігін бұрыңыз. басыңыз. Бүрку кезінде тынысты кідірте тұрыңыз. Әрбір пайдаланудан кейін бүріккішті бөгеу үшін төмен қаратып, бастапқы қалпына келтіріңіз. Егер препарат біршама уақыт ішінде пайдаланылмаса, соңғы пайдаланудан кейін бүріккіштің тесігін төменде берілген нұсқауларды орындай отырып, тазарту ұсынылады: 1. құтының бас жағын төмен қарай төңкеріп, адаптердегі ерітінді толық алынғанға дейін (ерітіндінің бүркілуі тоқтайды) бүріккіштің тетігін басыңыз; 2. бүріккіштің түтігін бүркуге арналған тесігінен шығарып алыңыз және оны ішінде жылы суы бар ыдысқа бірнеше минутқа салып қойыңыз; 3. бүріккіштің түтігін судан шығарып алып, кептіріңіз; 4. бүркуді бөгеу үшін бүріккіштің түтігін төмен қарайтындай етіп жалғаңыз. Препаратты тікелей тамақтану алдында немесе тамақтану кезінде қолдануға болмайды. Препаратты үздіксіз 3-4 күннен астам пайдалануға және тым жиі пайдалануға болмайды. Егер симптомдар нашарласа немесе осы уақыт ішінде жақсармаса немесе пациентте жоғары дене температурасымен қатар жүретін бактериялық инфекция байқалса, онда инфекцияны қосымша емдеу қажет. Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза 0.85 мг хлоргексидинді және 0.21 мг лидокаинді құрайды. Хлоргексидиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 8.5 мг және 2.1 мг лидокаин. Қондырманы әрбір басқан сайын 0.085 мл ерітінді бүркіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.