+85 бонус

АНГАЛ №24 пастилки лимон

1700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
Ангал® пастилкалары микробқа қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді, сондықтан оларды келесі жағдайларда жергілікті қолдану ұсынылады: - стоматит және гингивит сияқты ауыз қуысының шырышты қабығының, сондай-ақ фарингитті қоса, жұтқыншақтың инфекциялық қабынуын емдеу - ауыз шырышты қабығының қабыну ауыруын басу - ауырсынулы жұтыну мен тітіркенуді қоса, тамақ ауыруы симптомдарын жеңілдету Ангал® тамақ ауыруын азайту және ауыз қуысының шырышты қабығының инфекциялық қабынуын емдеу үшін қосымша дәрілік зат ретінде қолданылады. Ангал® пастилкалары ересектерге, жасөспірімдерге және 6 жастан асқан балаларға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - фенилкетонурия - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы - 6 жастан кіші балалар - жүктілік және лактация кезеңі (Арнайы ескертулер бөлімді қараңыз)
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: күніне 6-дан 10 пастилкаға дейін. Пастилкаларды әр 2,5-4 сағат сайын ауызда баяу сору керек. Ересек адам үшін ең жоғары  бір реттік доза-5 мг хлоргексидин (дене салмағының 0,08 мг/кг) және 1 мг лидокаинді (дене салмағының 0,02 мг/кг) құрайды, бұл бір пастилкаға сәйкес келеді. Хлоргексидиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 50 мг, ал лидокаиндікі – 10 мг құрайды. 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3-тен 5 пастилкаға дейін. Пастилкаларды әр 5-8 сағат сайын ауызда баяу сору керек. Ұсынылатын доза ересектер үшін дозаның жартысын құрайды. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда хлоргексидиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 25 мг құрайды, ал лидокаиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 5 мг құрайды, бұл 5 пастилка санына сәйкес келеді. Ангал® пастилкалары әдетте тіс пасталарының құрамына кіретін кейбір заттармен үйлеспейді. Демек, Ангал® пастилкалары мен тіс пастасын қолдану арасындағы уақыт аралығы 30 минуттан кем болмауы тиіс. Пастилкаларды тікелей тамақтанудан кейін немесе тамақтану кезінде қолдануға болмайды. Препаратты 3-4 күннен артық үздіксіз және тым жиі пайдалануға болмайды. Егер осы дәрілік затты қолданған кезде пациенттің жағдайы жақсармаса немесе оның бактериялық инфекциясы дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін болса, қосымша инфекцияны да емдеу керек. Енгізу әдісі мен жолы Пастилкалар ауыз қуысында соруға арналған. Бір пастилка біртіндеп ауызда еріп, белсенді заттар баяу және біртіндеп босап шығып, лидокаинге байланысты жергілікті анестезиялық әсер көрсетеді, әсері – 2-5 минуттан кейін тез дамиды және 30-45 минутқа созылады. Оның құрамында сахароза жоқ болғандықтан, препаратты қант диабеті бар пациенттерге қолдануға болады. Дәрі қабылдағаннан кейін кем дегенде бір сағат бойы тамақ ішу немесе сусындарды ішу ұсынылмайды. Оңтайлы әсер ету үшін дәріні тістеріңізді тазалаудан бұрын немесе кейін қабылдау ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.