+1414 бонус

АНДРОГЕЛЬ 16,2 мг/г 88 г гель

28280 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тестостерон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Besins Manufacturing Belgium SA
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 100 г гельдің құрамында: белсенді зат – тестостерон - 1,62 г қосымша заттар: изопропил миристаты, 96% этанол, карбомер 980, натрий гидроксидінің 0.1 М ерітіндісі, тазартылған су.
Қолданылуы
- еркектер гипогонадизмінде, тестостерон тапшылығы клиникалық симптомдармен және биохимиялық тестілермен айғақталған жағдайда тестостеронмен орнын басу емін жүргізуде.
Қарсы көрсетілімдер
- кеуде безінің обыры немесе оның бар екендігіне күдіктену - қуықасты безінің обыры немесе оның бар екендігіне күдіктену - тестостеронға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - әйел адамдарға қолданылмайды.
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Ересек және егде жастағы еркектер Ұсынылатын доза – 2,5 г, бұл күніне бір рет, шамамен белгілі бір уақытта, дұрысы таңертең, тетікті екі рет басуға (немесе 40,5 мг тестостеронға) сәйкес келеді. Тәуліктік дозаны, нақты пациенттің клиникалық немесе биологиялық реакциясына байланысты дәрігер түзетеді, алайда күніне 5 г гельден (81 мг тестостерон) аспауы тиіс. Дозаны түзету дозаторды біртіндеп басу жолымен жүргізіледі. Доза қандағы тестостерон деңгейін өлшеу негізінде белгіленеді, ол препаратты қолданар алдында таңертеңгі уақытта жүргізілуі тиіс. Андрогельмен емделудің шамамен 2-ші күнінен бастап тестостерон плазмада тұрақты концентрацияға жетеді. Дозаны түзету препаратты таңертең енгізер алдында, тепе-тең жағдайға жеткеннен кейін өлшенген тестостерон деңгейінің негізінде жүргізіледі. Қандағы тестостерон деңгейіне мезгіл-мезгіл баға беріп отыру қажет. Дозасы, егер тестостерон деңгейін қажет етілетін деңгейден асып кетсе, азайтылуы мүмкін. Егер қан плазмасындағы тестостерон концентрациясы төмен болса, доза біртіндеп арттырылуы мүмкін, бірақ 81 мг тестостероннан (дозаторды төрт рет басу) аспауы тиіс. Басу саны Гель мөлшері (г) Теріге жағылатын тестостерон мөлшері (мг) 1 1,25 20,25 2 2,5 40,5 3 3,75 60,75 4 5,0 81,0 Емдеу, егер тестостеронның тәуліктік дозасы 20,25 мг (1,25 г гель немесе дозаторды бір рет басу) болғанда, қандағы тестостерон деңгейі үнемі қалыпты ауқымнан жоғары болса, сондай-ақ тестостеронның қалыпты деңгейіне ең жоғарғы 81 мг дозада (5 г гель, немесе дозаторды 4 рет басу) қол жетпесе, емдеу тоқтатылуы тиіс. Гель пациенттің таза, құрғақ, зақымданбаған иық және иықүсті терісіне жағылады. Гель терінің бетіне жұқа етіп жағылады және ысқылауды қажет етпейді. Киінбестен бұрын гельдің кебуіне 3-5 минут уақыт беріңіз. Гельді қолданғаннан кейін қолды сумен сабындап жуыңыз. Препаратты қолданғаннан кейін басқа адамның терісіне жанасады деп күтілетін жағдайларда, гель жағылған жерді алдын ала жуып-шаю қажет. Гельді гениталий аймағына жақпау керек, өйткені препараттағы этил спиртінің көп мөлшері жергілікті тітіркенуді туындатуы мүмкін. Алғашқы толық дозаны алу алдында дозаторды басып көру қажет. Құтыны тігінен ұстап, дозаторды ақырын және толық 3 рет басыңыз, содан кейін дозатордан шыққан гельді алып тастаңыз. Дозаторды тек алғаш пайдаланар алдында ғана басып көру керек. Басып көргеннен кейін 1,25 г гельдің алақанға түсуін қамтамасыз ету үшін дозаторды басыңыз; оны иықтың және иық үстінің терісіне жағыңыз және гель кепкеннен кейін киініңіз. Балалар: Андрогельді балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданбайды. Препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.