+575 бонус

АНАСТРОЗОЛ -ТЛ 1мг №30 таблетки Анастрозол

11500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Анастрозол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Белмедпрепараты РУП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - анастрозол, 1 мг, қосымша заттар: натрий крахмалгликоляты (А типі), повидон К-25, кальций стеараты (Е470), натрий лаурилсульфаты, лактоза моногидраты, опадрай II ақ (85F); қабық (опадрай II ақ (85F)) – ішінара гидролизденген поливинил спирті; макрогол/полиэтиленгликоль; тальк (E553b); титанның қостотығы (E171).
Қолданылуы
- постменопаузадағы әйелдерде сүт безінің таралған гормон-рецептор-оң обырының терапиясы - постменопаузадағы әйелдерде сүт безінің ерте анықталған гормон-рецептор-оң обырының адъювантты терапиясы - 2-3 жыл бойы тамоксифен терапиясынан кейін постменопаузадағы әйелдерде сүт безінің ерте анықталған гормон-рецептор-оң обырының адъювантты терапиясы
Қарсы көрсетілімдер
- анастрозолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - әйелдердегі пременопауза - тамоксифенмен қатарлас терапия және/немесе құрамында эстроген бар препараттармен терапия - бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин аз) - бауыр функциясының орташа немесе айқын жеткіліксіздігі (қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған) - галактозаның туа біткен жақпаушылығы, Lapp- лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектерге, егде жастағы адамдарды қоса, ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 1 мг (1 таблетка) құрайды. Постменопаузадағы, сүт безінің ерте гормон-рецептор-оң обыры бар әйелдер үшін адъювантты эндокриндік терапияның ұсынылатын ұзақтығы 5 жылды құрайды. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде анастрозолды сақтықпен қолдану керек. Бауыр  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың жеңіл дәрежелі аурулары бар пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде анастрозолды сақтықпен қолдану керек. Балалар популяциясы Қауіпсіздік пен тиімділікке қатысты деректердің болмауына байланысты балаларға анастрозолды қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тәулігіне 1 рет. Белгілі бір уақытта қолдану ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.