+26 бонус

АНАЛЬГИН 500 мг/мл 2 мл №10 амп БЗМП

530 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метамизол натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО Борисовский завод медицинских препаратов
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың (2 мл) ішінде: белсенді зат – натрий метамизолы – 1000 мг, қосымша зат – инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- Жарақаттан немесе операциядан кейінгі жедел қатты ауырсыну; - Шаншулар; - Обыр аурулары кезінде ауырсыну; - Емдеудің басқа әдістерін қолдануға болмайтын жағдайда әртүрлі жедел немесе созылмалы қатты ауырсыну; - Басқа емдеу әдістеріне басылмайтын жоғары температура; - Парентеральді енгізу энтеральді енгізу мүмкін болмаған жағдайда ғана көрсетіледі.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - жоғарыда аталған өнімдердің бірін енгізгеннен кейін агранулоцитоздың даму анамнезі сияқты жағдайларды қоса, басқа пиразолондарға (мысалы, феназон, пропифеназон) немесе пиразолидиндерге (мысалы, фенилбутазон, оксифенбутазон) жоғары сезімталдық; - сүйек кемігінің жеткіліксіз функциясы (мысалы, цитостатикалық емнен кейін) немесе қан түзу жүйесінің аурулары; - салицилин, парацетамол, диклофенак, ибупрофен, индометацин, напроксен сияқты ауырсынуды басатын дәрілерді қолданғаннан кейін бронх түйілуі немесе басқа анафилактоидты реакциялардың (мысалы, есекжем, ринит, ангионевроздық ісіну) даму жағдайлары байқалған пациенттерге; - жедел ауық-ауық болатын бауыр порфириясы (порфирия ұстамаларының пайда болу қаупі); - туа біткен глюкоза-6-фосфатты десгидрогеназа тапшылығы (гемолиз қаупі). Анальгинді гипотониясы бар немесе гемодинамикасы тұрақсыз пациенттерге енгізуге болмайды - жүктіліктің соңғы үш айында.
Дозасы
Доза ауырсынудың қарқындылығына немесе температураның қаншалықты жоғары болуына, сондай-ақ науқастың Анальгинге жеке реакциясына байланысты тағайындалады. Ауырсынуды азайтуға немесе температураны бақылауға мүмкіндік беретін ең төменгі дозаны таңдау ұсынылады. Осы препаратты сонымен қоса 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге дене салмағының бір килограмына 8-16 мг метамизол есебінен бір реттік дозада тағайындауға жол беріледі. Жоғары температурада (қызба) балаларға дене салмағының килограмына 10 мг метамизол есебінен бір реттік дозаны тағайындау жеткілікті. Ересектер және 15 жас пен одан асқан жастағы (> 53 кг) жасөспірімдерге бір реттік дозада 1000 мг дейін тағайындауға рұқсат етіледі. Препараттың айқын әсерін пероральді қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң күту керек. Келесі кестеде дене салмағына және жасына байланысты ұсынылатын бір реттік және ең жоғары тәуліктік дозалар көрсетілген:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.