+50 бонус

АНАЛЬГИН 500 мг 2,0 мл №10 амп Химфарм

1000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метамизол натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 2 мл препараттың құрамында белсенді зат - 1000.0 мг натрий метамизолы моногидраты, қосымша зат - инъекцияға арналған су
Қолданылуы
жарақаттан немесе операциядан кейінгі жедел ауыру шаншулар ісікке байланысты ауыру басқа да жедел және созылмалы қарқынды ауырулар, өзге емдік шаралар мүмкін болмаған кезде қызба, басқа шаралар тиімсіз болған кезде Дәрілік затты парентеральді енгізу энтеральді қолдану мүмкін болмаған жағдайларда ғана пайдаланылады
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық осы препараттарды қолданғаннан кейін агранулоцитоз дамыған пациенттерді қоса, пиразолонның басқа туындыларына (мысалы, феназон, пропифеназон) немесе пиразолидинге (мысалы, фенилбутазон, оксифенбутазон) аса жоғары сезімталдық сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі (мысалы, цитостатиктермен емдегеннен кейін) немесе қан түзу жүйесінің аурулары бронх түйілуі немесе салицилаттарға, парацетамолға немесе диклофенак, ибупрофен, индометацин немесе напроксен сияқты басқа есірткілік емес анальгетиктерге анафилактоидты реакциялардың (мысалы, есекжем, ринит, ангионевроздық ісіну) басқа түрлері бар пациенттерде жедел ауыспалы бауыр порфириясы (порфирия ұстамасының даму қаупі) глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның генетикалық тапшылығы (гемолиз) артериялық гипотензия және / немесе тұрақсыз гемодинамика жүктіліктің үшінші триместрі 12 айға дейінгі балаларға вена ішіне енгізу
Дозасы
Енгізу алдында дене температурасына дейін жылыту ұсынылады. Дозалануы ауырудың қарқындылығына, қызбаға және анальгинді қабылдауға жауап ретіндегі жеке сезімталдыққа байланысты. Ауыруды және қызбаны бақылайтын төмен тиімді дозалар таңдалуы тиіс. Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер: 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін метамизолдың бір реттік дозасы дене салмағының килограмына 8-16 мг. Балаларда температураны төмендету үшін, әдетте, метамизолдың жеткілікті дозасы дене салмағының килограмына 10 мг құрайды. 15 жастан асқан (> 53 кг) ересектер мен жасөспірімдерге бір жолы 1000 мг дейін қабылдауға болады.. Бір реттік қабылдаудың әсері жеткіліксіз болған жағдайда ең жоғары тәуліктік дозаға байланысты ең жоғары бір реттік дозаны 6-дан 8 сағатқа дейінгі аралықпен тәулігіне 4 ретке дейін қабылдауға болады. Әсері парентеральді енгізгеннен кейін 30 минуттан соң басталады. Вена ішіне инъекция жасау жағдайында гипотония қаупінен аулақ болу үшін дәріні өте баяу енгізу керек. Төмендегі кестеде дене салмағына және жасына байланысты ұсынылған дозалар мен ең жоғары дозалар келтірілген: Дене салмағы Бір реттік доза Ең жоғары доза кг жас мл мг мл мг 5-8 3-11 ай 0.1-0.2 50-100 0.4-0.8 200-400 9-15 1-3 жас 0.2-0.5 100-250 0.8-2.0 400-1000 16-23 4-6 жас 0.3-0.8 150-400 1.2-3.2 600-1600 24-30 7-9 жас 0.4-1.0 200-500 1.6-4.0 800-2000 31-45 10-12 жас 0.5-1.4 250-700 2.0-5.6 1000-2800 46-53 13-14 жас 0.8-1.8 400-900 3.2-7.2 1600-3600 >53 ≥15 жас 1.0-2.0* 500-1000* 4.0-8.0* 2000-4000* * қажет болса бір реттік дозаны 5 мл дейін (2500 мг натрий метамизолына сәйкес келеді) және тәуліктік дозаны 10 мл дейін (5000 мг натрий метамизолына сәйкес келеді) ұлғайтуға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 1 жасқа дейінгі, бірақ 3 айдан асқан немесе дене салмағы 5 кг-нан асатын балаларға препаратты тек бұлшықет ішіне енгізеді, курсы 3 күннен аспауы керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерді емдеу кезінде дозаны азайту керек, себебі метамизолдың метаболизмдік өнімдерін организмнен шығару ұзаққа созылуы мүмкін. Жағдайы ауыр және креатинин клиренсі бұзылған пациенттерге аз дозаларды қолдану қажет, себебі метамизолдың метаболизмдік өнімдерін организмнен шығару ұзақ уақыт алуы мүмкін. Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Метаболизмдік өнімдерді шығару жылдамдығы бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігінде төмендейтіндіктен, бірнеше жоғары дозаларды енгізуден аулақ болу керек. Қысқа мерзім ішінде қабылдаған кезде дозаны төмендету талап етілмейді. Бүгінгі күні метамизолды бауыр мен бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауыратын пациенттерді емдеу үшін ұзақ уақыт қолдану тәжірибесі жоқ. Енгізу режимі Негізінде, дозаны және енгізу әдісін таңдау пациенттің қалаған ауыруды басатын әсеріне және физикалық жағдайына байланысты. Көптеген жағдайларда қажетті ауыруды басатын әсерге қол жеткізу үшін бір рет ішке қабылдау жеткілікті. Егер тез әсер ету қажет болса немесе ішке қабылдау көрсетілімдер болмаса, вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізу ұсынылады Енгізу әдісін таңдау кезінде парентеральді енгізу кезінде анафилаксиялық/ анафилактоидты реакциялардың жоғары даму қаупін ескеру керек. Анальгин инъекцияға арналған ерітіндіні келесі ерітінділерде ерітуге болады: 5% глюкоза ерітіндісі, физиологиялық ерітінді (0,9% NaCl) және Рингер лактаты. Алайда, ерітінділерді дайындағаннан кейін бірден енгізу керек, себебі олардың тұрақтылығы шектеулі. Метамизол ерітіндісін басқа препараттармен бірге бір шприцке олардың арасындағы реакцияның пайда болу қаупіне байланысты енгізуге болмайды. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне Ескерту. Барлық парентеральді дәрілік заттарды енгізу алдында қатты бөлшектердің болуына және/немесе ерітіндінің түсінің өзгеруіне көзбен қарап тексеру керек. Емдеу ұзақтығы Ауыруды басатын дәрі ретінде қолданғанда ұзақтығы 1-5 күн. Ыстықты түсіретін дәрі ретінде қолданған кезде 1-3 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.