+10 бонус

АНАЛЬГИН 500 мг №10 таб Метамизол натрия БЗМП

200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метамизол натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 500 мг метамизол натрий моногидраты, қосымша заттар: тальк, натрий лаурилсульфаты, кальций стеараты, картоп крахмалы.
Қолданылуы
- жарақаттан немесе операциядан кейінгі жедел қатты ауыру; - шаншулар; - онкологиялық ауырулары кезіндегі ауырулар; - емдеудің басқа әдістерін қолдануға болмайтын жағдайда әртүрлі жедел немесе созылмалы қатты ауыру; - басқа емдеу әдістерімен басылмайтын жоғары температура.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - осы препараттардың бірін қолданғаннан кейін агранулоцитоздың даму анамнезі сияқты жағдайларды қоса, басқа пиразолондарға (мысалы, феназон, пропифеназон) немесе пиразолидиндерге (мысалы, фенилбутазон, оксифенбутазон) жоғары сезімталдық; - сүйек кемігінің жеткіліксіз қызметі (мысалы, цитостатикалық емдеуден кейін) немесе қан түзу жүйесінің аурулары; - салицилаттар, парацетамол, диклофенак, ибупрофен, индометацин, напроксен сияқты ауыруды басатын препараттарды қолданғаннан кейін бронх түйілуі немесе басқа анафилактоидтық реакциялардың (мысалы, есекжем, ринит, ангионевроздық ісіну) даму жағдайлары байқалған пациенттерге; - жедел мезгіл-мезгіл бауыр порфириясы (порфирия ұстамаларының асқыну қаупі); -  глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен тапшылығы (гемолиз қаупі); - жүктіліктің соңғы үш айында гипотония немесе тұрақсыз гемодинамикасы бар пациенттерге; - 15 жастан кіші балалар.
Дозасы
Дозаны ауырсыну қарқындылығына немесе жоғары температураның мөлшеріне, сондай-ақ пациенттің Анальгинге сезімталдығына байланысты анықтайды. Ауырсынуды азайтуға немесе температураны бақылауға мүмкіндік беретін ең төменгі дозаны таңдау ұсынылады. Ересектер  мен 15 жастағы жасөспірімдерге және одан жоғарыларға (> 53 кг) күніне 4 ретке дейін, 6-дан 8 сағатқа дейін аралықпен, бір реттік дозада 1000 мг-ге дейінгі метамизол тағайындауға болады, бұл 4000 мг ең жоғары тәуліктік дозаға сәйкес келеді. Препаратты қабылдаудың айқын әсері, әдетте, ішке қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң күтіледі. Келесі кестеде дене салмағына және жасына қарай тағайындалатын ұсынылатын ең жоғары бір реттік дозалар мен тәуліктік дозалар келтірілген: Жасы (дене салмағы) Бір реттік доза Ең жоғары тәуліктік доза кг жасы таблеткалар мг таблеткалар мг > 53 > 15 жас 1 - 2 500 - 1 000 8 4 000 Енгізу әдісі мен жолы Пероральді Балалар Бір таблеткадағы метамизолдың 500 мг белгіленген мөлшеріне байланысты 15 жасқа дейінгі балаларға Анальгин тағайындау ұсынылмайды. Осы жастағы балаларды емдеу үшін басқа дәрілік түрлер/концентрациялар қолданылады, оларды баланың жасын ескере отырып, дұрыс дозада тағайындау ұсынылады. Егде жастағы пациенттер. Егде жастағы пациенттерде доза азайтылуы тиіс, өйткені метаболиттердің шығарылуы препарат қабылдау кезінде баяулауы мүмкін. Бүйрек функциясы төмендегенде және креатинин клиренсі бұзылғанда доза азайтылуы тиіс, өйткені метаболиттердің шығарылуы баяулауы мүмкін. Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы Бүйрек немесе бауыр функциясы төмендегенде жоғарғы дозалардан аулақ болу керек. Дозаны төмендетпей қысқа мерзімге қолдануға болады. Ұзақ қолдануға жол берілмейді. Емдеу ұзақтығы аурудың түріне және ауырлығына байланысты болады. Ұзақ мерзімді емдеу кезінде лейкоциттерді санауды қоса, қанды тұрақты бақылау талап етіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.