+9 бонус

АНАЛЬГИН 500 мг №10 таб Ирбит

180 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метамизол натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: ОАО Ирбитский химико-фармацевтический завод
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - натрий метамизолы 500.0 мг, қосымша заттар: сахароза, тальк, картоп крахмалы, кальций стеараты.
Қолданылуы
Жарақаттан немесе хирургиялық араласудан кейінгі жедел қатты ауыру. Шаншулар. Ісік аурулары кезіндегі ауыру. Басқа емдік шараларды қолдануға болмайтын кезде басқа жедел немесе созылмалы қатты ауыру. Басқа тәсілдермен басылмайтын жоғары температура.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Осы препараттардың бірін қолданғаннан кейін дамыған анамнездегі агранулоцитозды қоса, басқа пиразолондарға (мысалы, феназон, пропифеназон) немесе пиразолидиндерге (мысалы, фенилбутазон, оксифенбутазон) жоғары сезімталдық. Сүйек кемігі функциясының басылуы (мысалы, цитостатикалық емдеуден кейін) немесе қан түзу жүйесінің аурулары. Ауыруды басатын препараттар: салицилаттар, парацетамол, диклофенак, ибупрофен, индометацин, напроксенге бронх түйілуі немесе басқа анафилактоидты реакциялары бар пациенттер (мысалы, есекжем, ринит, ангионевроздық ісіну). Жедел мезгіл-мезгіл порфирия (порфирия ұстамаларының туындау қаупі). Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен тапшылығы (гемолиз қаупі). Гипотония немесе тұрақсыз гемодинамикасы бар пациенттер. Жүктіліктің үшінші триместрі.
Дозасы
Дозалану ауыру қарқындылығына немесе қызбаға және пациенттің натрий метамизолына жекелей сезімталдығына байланысты. Ауыру және/немесе қызбаны ойдағыдай бақылайтын ең төменгі доза таңдалуы тиіс. Ересектер және 15 жастағы және одан асқан жасөспірімдерге (> 53 кг) бір реттік дозада 1000 мг-ға дейін метамизолды тәулігіне 4 ретке дейін 6-дан 8 сағатқа дейінгі аралықпен қабылдай алады, бұл ең жоғары тәуліктік 4000 мг дозаға сәйкес келеді. Пероральді қабылдаған кезде әсері басталғанға дейін, әдетте, 30-дан 60 минутқа дейін өтеді. Төмендегі кестеде дене салмағына және жасына қарай ұсынылатын бір реттік дозалар мен ең жоғары тәуліктік дозалар көрсетілген: Дене салмағы Бір реттік доза Ең жоғары тәуліктік доза кг жасы таблеткалар мг таблеткалар мг >53 ≥15 жыл 1-2 500-1000 8 4000 Балалар Бір таблетка құрамындағы метамизолдың 500 мг белгіленген мөлшеріне байланысты, 15 жасқа дейінгі балаларға Анальгинді қабылдауға болмайды. Кіші жастағы балаларға дұрыс енгізуге болатын басқа дәрілік түрі/концентрациялары қолжетімді. Егде жастағы пациенттер, креатинин клиренсі төмендеген науқастар және пациенттер Егде жастағы пациенттерде, науқастанған пациенттерде және креатинин клиренсі төмендеген пациенттерде доза төмендетілуі тиіс, өйткені метамизол метаболизмі өнімдерінің шығарылуы көп уақытты алуы мүмкін. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі Бірнеше жоғары дозалары қабылдаудан аулақ болу керек, өйткені бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі кезінде метаболизм өнімдерінің шығарылу жылдамдығы төмендейді. Препаратты қысқа мерзімде пайдаланған кезде дозаны азайтудың қажеттілігі жоқ. Бүгінгі күні бауыр және бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде метамизолды ұзақ уақыт қолдану тәжірибесі жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.