+97 бонус

АНАФЕРОН ДЕТСКИЙ №20 таб Гомеопатия

1950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Противовирусные препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: адамның гамма интерферонына аффинді тазартылған антиденелер – 0,003 г*, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты. * лактоза моногидратына құрамы 10-16 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.
Қолданылуы
1 айдан 18 жасқа дейінгі балаларда тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) профилактикасы және емдеу үшін; 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда герпесвирустардан туындаған инфекцияларды (инфекциялық мононуклеоз, желшешек) емдеу үшін, кешенді емнің құрамында; 6 айдан 18 жасқа дейінгі балаларда рота- және калицивирустардан туындаған, ішектің жедел инфекциясын емдеу үшін, кешенді емнің құрамында.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; 1 айға дейінгі балаларға – тұмау мен басқа ЖРВИ профилактикасы және емдеу үшін; 1 жасқа дейінгі балаларға – балалардағы герпесвирустардан туындаған инфекцияларды (желшешек, инфекциялық мононуклеоз) емдеу үшін; 6 айға дейінгі балаларға – рота- және калицивирустардан туындаған, ішектің жедел инфекциясын емдеу үшін; лактаза тапшылығы, тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
ЖРВИ, тұмау 1 айлық және одан үлкен балаларға. Емнің 1-інші күні келесі сызба бойынша 8 таблеткадан қабылдайды: алғашқы 2 сағатта әр 30 минут сайын 1 таблеткадан (2 сағат ішінде барлығы 5 таблетка), содан соң осы күннің барысында тағы 3 рет, тең уақыт аралықтары сайын 1 таблеткадан қабылдайды. 2-нші күні және одан ары қарай толық сауыққанға дейін күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауды препаратпен емдеудің үшінші күні жақсару болмаған жағдайда, дәрігерге жүгіну керек. Эпидемия маусымында препаратты профилактикалық мақсатта 1-3 ай бойы күнделікті, күніне 1 рет 1 таблеткадан қабылдайды. Рота- және калицивирустардан туындаған, ішектің жедел инфекциялары, кешенді емнің құрамында 6 айдан бастап және одан үлкен балаларға. Емнің 1-інші күні келесі сызба бойынша 8 таблеткадан қабылдайды: алғашқы 2 сағатта әр 30 минут сайын 1 таблеткадан (2 сағат ішінде барлығы 5 таблетка), содан соң осы күннің барысында тағы 3 рет, тең уақыт аралықтары сайын 1 таблеткадан қабылдайды. 2-нші күні және одан ары қарай толық сауыққанға дейін күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды. Герпесвирустардан туындаған инфекцияларды (инфекциялық мононуклеоз, желшешек) емдеу, кешенді емнің құрамында 1 жастан бастап және одан үлкен балаларға. Емнің 1-інші күні келесі сызба бойынша 8 таблеткадан қабылдайды: алғашқы 2 сағатта әр 30 минут сайын 1 таблеткадан (2 сағат ішінде барлығы 5 таблетка), содан соң осы күннің барысында тағы 3 рет, тең уақыт аралықтары сайын 1 таблеткадан қабылдайды. 2-нші күні және одан ары қарай күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды. Желшешекті емдеу ұзақтығы 7 күнді құрайды. Инфекциялық мононуклеозды емдеу ұзақтығы 14 күнді құрайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке, тамақтану уақытынан тыс. Таблетканы толық ерігенге дейін ауызда ұстау керек. Препаратты кішкентай балаларға (1 айдан 6 жасқа дейінгі) тағайындаған кезде таблетканы бөлме температурасындағы аздаған мөлшердегі (1 ас қасық) қайнаған суда еріту ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.