+151 бонус

АМЗИТ-500 500 мг №3 табл

3020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Линкольн Фармасьютикалс Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат - 524,0 мг азитромицин дигидраты (500 мг азитромицинге баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (қарапайым), натрий лаурилсульфаты, желатинделген крахмал, натрий кроскармеллозасы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), микрокристалды целлюлоза (рН 102), тазартылған тальк, магний стеараты, тазартылған су, White SC-SP-3180 (Spraycel) бояғышы: гипромеллоза (метоцел Е-15), полиэтиленгликоль-4000, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Азитромицин анықталған немесе бір не бірнеше сезімтал микроорганизмдер туындатуы мүмкін мынадай инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - жедел бронхит - ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейін ауруханадан тыс пневмония - синусит - фарингит/тонзиллит - ортаңғы отит - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан асқынбаған жыныстық инфекциялар (уретрит және цервицит). Бактерияға қарсы препараттарды тиісті қолдануға қатысты ресми ұсыныстарды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр функциясының бұзылуы - лактация кезеңі - салмағы 45 кг-ден кем балалар Сақтықпен: - аритмияда (қарыншалық аритмия, аралықтың (QT) ұзаруы болуы мүмкін) - бауыр мен бүйрек функциясының айқын бұзылулары бар балаларға
Дозасы
Ересектерге, оның ішінде егде жастағы пациенттерге және дене салмағы 45 кг-ден асатын балаларға: Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында: Синуситте және фарингитте/тонзиллитте: 3 күн ішінде күніне бір рет 500 мг немесе бірінші күні 500 мг, содан кейін 4 күн ішінде күніне бір рет 250 мг. Төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында: Жедел бронхит және ауруханадан тыс пневмония жеңілден орташа дәрежедегі ауырлыққа дейін: 3 күн ішінде күніне бір рет 500 мг немесе бірінші күні 500 мг, содан кейін 4 күн ішінде күніне бір рет 250 мг. Тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы кезінде: фолликулит, целлюлит, тілме: 3 күн ішінде күніне бір рет 500 мг немесе бірінші күні 500 мг, содан кейін 4 күн ішінде күніне бір рет 250 мг. Chlamidia trachomatis туындатқан асқынбаған уретрит және цервицит кезінде: бір рет 1000 мг азитромицин пероральді. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae үшін ұсынылатын доза клиникалық емдеу жөніндегі жергілікті нұсқауларға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілген 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және/немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегетін пациенттер үшін дәрілік затты тағайындайтын адамдар емдеу жөніндегі жергілікті емдеу нұсқауларына жүгінуі тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Азитромицин таблеткаларын бір реттік тәуліктік доза түрінде қабылдау керек. Таблеткаларды тамақпен бірге қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.