+7 бонус

Ампициллин 1000 мг, флакон №1

150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ампициллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Биохимик ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат – натрий ампициллині (ампициллинге шаққанда) 1.0 грамм қосымша заттар: жоқ
Қолданылуы
Ампициллин дәрілік препараты ересектерде, жасөспірімдерде, балаларда, 1 айдан асқан нәрестелерде ампициллинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Ампициллинді әсері ауқымды спектрдегі бактерияға қарсы препараттарды (үшінші буын цефалоспориндері) бастапқы қолданғаннан кейін енгізу керек. - асқынған жедел бактериялық синусит - эндокардит - пиелонефрит - цистит - интраабдоминальді инфекциялар - гинекологиялық инфекциялар - менингит (аминогликозидтермен біріктірілімде) Бактерияға қарсы препараттарды тиісті түрде пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- ампициллинге, кез келген басқа пенициллинге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезде басқа бета-лактамды препаратқа (мысалы, цефалоспорин, карбапенем немесе монобактам) баяу типтегі ауыр аса жоғары сезімталдық реакциясы (мысалы, анафилаксия) - анамнездегі бүйрек жеткіліксіздігі (ампициллин қолданумен байланысты) - балалар жасы (1 айлыққа дейін)
Дозасы
Дозалану режимі Ампициллин дозасының деңгейі пациенттің жасына, салмағына және бүйрек функциясына, инфекцияның ауырлығы мен орналасуына, сондай-ақ аурудың болжамды немесе анықталған этиологиясына байланысты. Ересектер мен жасөспірімдер (12 жастан асқан) Әр 4–6 сағ. 500 мг (инфекциялық аурудың ағымы ауыр болғанда тәуліктік доза 6 г дейін арттырылуы мүмкін). Балалар Балалардағы ауыр және орташа ауыр инфекцияларда енгізеді: - дене салмағы 1,2–2 кг 1 айдан асқан нәрестелерге – әр 8 сағат сайын 25-50 мг/кг, дене салмағы 2 кг-ден көптерге – әр 6 сағат сайын 25-50 мг/кг енгізеді. - 2 айлықтан 1 жасқа дейін – тәулігіне 100 мг/кг; 1-7 жастағыларға – тәулігіне 100-150 мг/кг; 7-12 жастағыларға – тәулігіне 100-200 мг/кг есебінен. Тәуліктік дозаны 4-6 енгізуге бөледі. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігінде препарат қолданылмайды Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі 30 мл/мин асатын пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Креатинин клиренсі 30 мл/мин және одан аз болатын бүйрек функциясының ауыр бұзылуларында дозаны азайту ұсынылады, өйткені ампициллиннің жинақталуы күтіледі: - креатинин клиренсі 20-дан 30 мл/мин дейін болғанда әдеттегі дозаны ⅔ дейін азайту керек, - креатинин клиренсі 20 мл/мин төмен болғанда әдеттегі дозаны ⅓ дейін азайту керек. Әдетте, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде 8 сағат ішінде ампициллиннің 1 г дозасынан асырмаған жөн. Енгізу әдісі және жолы Ампициллин бұлшықет ішіне (б/і) енгізіледі. Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндіні құтының ішіндегісіне (1,0 г) 4 мл инъекцияға арналған суды қосып ex tempore дайындайды. Ерітінділер дайындалғаннан кейін бірден пайдаланылады. Ампициллинмен емді бастар алдында осы препаратқа аса жоғары сезімталдықтың жоқ екенін білу үшін пациентке тері сынамасын жасау қажет. Ерітінділер әрқашанда пайдаланар алдында жаңа дайындалған болуы және мөлдірлігі тексерілуі тиіс. Инъекцияға арналған мөлдір ерітінділерді ғана пайдаланыңыз! Емдеу ұзақтығы Қолдану ұзақтығы аурудың ағымына байланысты. Әдетте, ампициллинді 7-10 күн бойы қолданады, бірақ аурудың симптомдары жоғала бастағаннан кейін тағы да кемінде 2-3 күн. Бета-гемолитикалық стрептококтардан туындаған инфекцияны емдеу үшін, кейін болатын асқынулардың (мысалы, ревматизм, гломерулонефрит) алдын алу мақсатымен қауіпсіздік тұрғысынан емдеуді кемінде 10 күнге дейін ұзарту ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.