АМПИЦИЛЛИН 1000 мг №50 фл North China

9:00-ден кейін қолжетімді
3310 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ампициллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Китай
  • Өндіруші: North China Pharmaceutical Corporation Co. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат - 1.0 г ампициллин натрий тұзы (ампициллинге шаққанда)
Қолданылуы
Ампициллин ересектерде, жаңа туған кезде балаларға қолдануға арналған. - препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну аурулары: - тыныс алу жолдарының инфекциялары (бронхит, пневмония, өкпе абсцессі синусит, тонзиллит, фарингит, ортаңғы отит) - несеп шығару жолдарының инфекциялары (пиелит, пиелонефрит, уретрит, цистит, гонорея) - асқазан-ішек жолдарының инфекциялары ((холецистит, холангит, интраабдоминальді инфекциялар, іш сүзегі және паратиф, дизентерия, сальмонеллез, сальмонеллез тасымалдаушылық)) - сепсис - менингит
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) аса жоғары сезімталдық - бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық (мысалы, пенициллиндерге, цефалоспориндерге).
Дозасы
Жедел және ауыр инфекцияларда препаратты вена ішіне енгізген жөн. Емдеу ұзақтығы мен препараттың дозасы аурудың ауырлығына байланысты және оны дәрігер анықтайды. Әдетте, ампициллинді 5-10 күн бойы қолданады, бірақ емді ауру симптомдары жоғалғаннан кейін кем дегенде 2-3 күн бойы жалғастыру керек. Дене салмағы 20 кг-нан асатын балаларға ересектерге арналған ұйғарылған дозаларға сәйкес дозаны енгізу керек. Вена ішіне: ересектерге арналған препараттың бір реттік дозасы 0,25 – 0,5 г құрайды, әр 4-6 сағат сайын, күнделікті – 1-3 г. Ауыр инфекциялар кезінде тәуліктік дозаны 10 - 12 г дейін арттыруға болады. Орташа ауыр ағымдағы инфекциялар кезінде ересектер мен дене салмағы 20 кг-нан асатын балаларға б/і-250-500 мг әр 6 сағат сайын; ауыр ағымда 2,0 г әр 3-4 сағат сайын енгізіледі. Бұлшықет ішіне: ересектерге арналған препараттың бір реттік дозасы 0,25 – 0,5 г құрайды, әр 4-6 сағат сайын, күнделікті – 1-3 г. Ауыр инфекциялар кезінде (сепсис, менингит) тәуліктік доза 8-12 г құрайды. Тәуліктік дозаны 4-6 сағат аралықпен 4-6 қабылдау арқылы енгізеді. Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндіні құтының ішіндегісіне 2 мл (0,5 г) немесе инъекцияға арналған 4 мл (1,0 г) стерильді суды қосып, ex tempore дайындайды. Емдеу ұзақтығы - 5-10 күнді құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларға (менингит кезінде): дене салмағы 2 кг дейінгі нәрестелерге - өмірдің бірінші аптасында әр 12 сағат сайын 25-50 мг/кг, содан кейін әрбір 8 сағат сайын 50 мг/кг; дене салмағы 2 кг және одан жоғары нәрестелерге - өмірдің бірінші аптасында әр 8 сағат сайын 50 мг/кг, содан кейін әрбір 6 сағат сайын 50 мг/кг. Егде жастағы пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты жағдайларды қоспағанда, дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Шумақтық сүзілу жылдамдығына байланысты: - креатинин клиренсі кезінде 20-30 мл/мин – әдеттегі дозаның 2/3 - креатинин клиренсі кезінде 20 мл/мин аз – әдеттегі дозаның 1/3. Бүйрек функциясының айқын бұзылуы кезінде 8 сағат ішінде ампициллин дозасы 1 г аспауы тиіс. Енгізу әдісі және жолы Жедел және ауыр инфекцияларда препаратты вена ішіне енгізген жөн. Ампициллин натрий тұзы бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізіледі (ағынды немесе тамшылатып). Жаңа дайындалған, мөлдір, тұнбасы және механикалық қоспалары жоқ ерітіндіні пайдалану керек. Ампициллинді басқа препараттармен бір мезгілде енгізуге болмайды. Вена ішіне енгізген кезде препарат 3 минут ішінде баяу енгізіледі. Ампициллин инъекцияға арналған сумен, 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісімен, 5% декстроза ерітіндісімен үйлеседі. Бұлшықет ішіне енгізу Инъекцияға арналған 3,5 мл суды 1,0 г құтыға қосу керек. Вена ішіне енгізу Инъекцияға арналған 7,4 мл суды қалпына келтіріп, 10-15 минут ішінде БАЯУ енгізу керек, одан жылдам енгізу құрысуларға әкелуі мүмкін. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы мен препараттың дозасы аурудың ауырлығына байланысты және оны дәрігер анықтайды. Әдетте, ампициллинді 5-10 күн бойы қолданады, бірақ емді ауру симптомдары жоғалғаннан кейін кем дегенде 2-3 күн бойы жалғастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.