+182 бонус

АМОКСИКЛАВ QT 1000 мг (875 мг/125 мг) №14 таб

3640 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: Sandoz GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 500 мг амоксициллин (574.053 мг амоксициллин тригидраты түрінде) және 125 мг клавулан қышқылы (148.987 мг калий клавуланаты түрінде) (500 мг/125 мг доза үшін) немесе 875 мг амоксициллин (1004.592 мг амоксициллин тригидраты түрінде) және 125 мг клавулан қышқылы (148.987 мг калий клавуланаты түрінде) (875мг/125 мг доза үшін). қосымша заттар: кросповидон, кремнийдің қостотығы, темірдің сары тотығы (Е 172), тәтті апельсинді хош иістендіргіш, сахароза, магний стеараты, кептірілген силикатталған микрокристалды целлюлоза.
Қолданылуы
жоғарғы тыныс жолдарының және ЛОР-мүшелерінің инфекциялары (жедел бактериялық синусит, жедел ортаңғы отит) төменгі тыныс жолдарының (созылмалы бронхит өршуі, ауруханадан тыс пневмония) инфекциялары несеп шығару жолдарының (цистит, пиелонефрит) инфекциялары сүйек және буындардың (оның ішінде остеомиелит) инфекциялары тері және жұмсақ тіндердің (ішінара флегмона, жануарлардың шағып-тістеуі, флегмона таралуы бар пародонт абсцесінің ауыр түрі, инфекцияланған жарақат) инфекциялары
Қарсы көрсетілімдер
амоксициллинге, клавулан қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық пенициллиндер және цефалоспориндер сияқты басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық анамнезінде амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдауда сарғаю немесе бауыр дисфункциясы болуы 12 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 40 кг төмен) фенилкетонурия (фенилаланиннің көзі ретінде препараттың құрамында аспартамның болуына байланысты) тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Дозасы
Дозалар амоксициллин/ клавулан қышқылының мөлшерін ескере отырып есептеледі. Жекелеген инфекцияларды емдеу үшін Амоксиклав QT препаратының дозасын таңдағанда мыналарды ескеру керек: қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын инфекцияның ауырлық дәрежесін және орналасуын төменде көрсетілгендей пациенттің жасын, салмағын және бүйрек функциясын. Сондай-ақ амоксициллиннің анағұрлым жоғары дозаларын қолдану және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылын әр түрлі арақатынаста тағайындау сияқты Амоксиклав QT препаратын қолданудың басқа тәсілдерін ескеру қажет. Пациенттердің ерекше топтары Ересектер және 12 жастан үлкен балалар (немесе дене салмағы ≥ 40 кг): Амоксиклав® QT 500 мг/125 мг тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан қолданылады. Дене салмағы 40 кг төмен балалар: 20мг/5мг/кг/күн – 60мг/15мг/кг/күн, үш бөлінген доза түрінде. Амоксиклав® QT 875 мг/125 мг тәулігіне екі рет қолдану ұсынылады. Ауыр инфекцияларда (әсіресе ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс жолдарының инфекциясы және несеп жолдарының инфекциясы сияқты инфекциялар үшін) тәулігіне үш рет қолданылады. 12 жасқа дейінгі балаларға – ішке қабылдауға арналған педиатриялық формада (суспензиялар, таблеткалар). Дене салмағы 40 кг аз балаларға 25 мг/3,6мг/кг/күн – 45мг/6,4мг/кг/күн, екі бөліп қабылдауға тағайындау ұсынылады. Дозалары 70 мг/10мг/кг/күн аспауы тиіс, ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс жолдарының инфекциясы сияқты инфекцияларда екі бөліп қабылдауға тағайындалады. Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр жеткіліксіздігінің белгілері бар пациенттерде амоксициллин/клавулан қышқылын сақтықпен қолдану керек. Сақтықпен дозалаңыз және бауырдың жұмысын үнемі бақылаңыз. Бүйрек жеткіліксіздігі Амоксиклав QT 875 мг/125 мг: Креатинин клиренсі 30 мл/мин кем пациенттерде ұсынылмайды. Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин артық пациенттерге препаратты тағайындағанда дозаны түзету талап етілмейді. Дозаны түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылған деңгейін ескере отырып орындалады. Креатинин деңгейінің көрсеткіші 30мл/мин кем пациенттерде амоксициллин мен клавулан қышқылын 875 мг/125 мг дозада қолдану ұсынылмайды, өйткені дозалауды түзету бойынша қандай да бір нұсқаулар жоқ. Креатинин клиренсі 30 мл/мин астам пациенттерге доза түзету талап етілмейді. Ересектер және дене салмағы ≥ 40 кг балалар Креатинин клиренсі: 10 – 30 мл/мин 500 мг/125 мг күніне екі рет Креатинин клиренсі: < 10 мл/мин 500 мг/125 мг күніне бір рет Гемодиализ: 500 мг/125 мг әрбір 24 сағатта, плюс 500 мг/125 мг диализ кезінде, диализ соңында қайталаумен (сарысуда амоксициллин, және клавулан қышқылының концентрациясы төмендегенде) Дене салмағы < 40 кг балалар Креатинин клиренсі: 10 – 30 мл/мин Күніне 15мг/3,75мг/кг екі рет (ең жоғарысы 500 мг/125 мг күніне екі рет) Креатинин клиренсі: < 10 мл/мин Тәулігіне 15мг/3,75мг/кг бір реттік доза ретінде (ең жоғарысы 500 мг/125 мг) Гемодиализ: Тәулігіне 15 мг/3,75 мг/кг бір рет күніне. Гемодиализ алдында 15мг/3,75мг/кг. Қан айналымындағы дәрінің деңгейін қалпына келтіру үшін, әрбір кг-ға 15мг/3,75мг гемодиализден кейін қолданылуы тиіс. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету керек емес. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы науқастың реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) анағұрлым ұзақ емдеу кезеңін талап етеді. Ең ұзақ емдеу уақыты 14 күннен аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.