+122 бонус

АМОКСИКЛАВ 625 мг (500 мг/125 мг) №15 таб

2450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: Lek Pharmaceuticals d.d.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 500 мг амоксициллин (амоксициллин тригидраты түрінде) және 125 мг клавулан қышқылы (калий клавуланаты түрінде); қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, құрғатылған кросповидон, құрғатылған көлденеңінен қосылған натрий карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты, құрғатылған микрокристалды целлюлоза; үлбірлі қабық құрамы: гидроксипропилцеллюлоза, этилцеллюлоза, полисорбат, триэтилцитрат, титанның қостотығы (Е 171), тальк.
Қолданылуы
жедел бактериялық синуситте жедел ортаңғы отитте созылмалы бронхиттің асқынуында ауруханадан тыс пневмонияда циститте пиелонефритте тері және жұмсақ тіндердің (флегмона, жануарлардың тістеуі, пародонтальді абсцесс, бет-жақ сүйек аумағының флегмонасы) инфекцияларында сүйек және буындардың (атап айтқанда остеомиелит) инфекцияларында
Қарсы көрсетілімдер
пенициллин тобы препараттарының белсенді компоненттеріне немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық анамнезіндегі басқа бета-лактамды препараттарға (мысалы, цефалоспориндерге, карбапенемдерге немесе монобактамдарға) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары анамнезіндегі холестаздық сарғаю немесе бауыр жеткіліксіздігінің басқа жағдайлары (амоксициллин/клавулан қышқылын қолдануға байланысты)
Дозасы
Доза амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшерін ескерумен есептеледі. Жеке дара инфекцияларды емдеу үшін Амоксиклав препаратының дозасын таңдағанда: қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын инфекцияның ауырлық дәрежесі мен орналасуын төменде көрсетілгендей пациенттің жасын, салмағын және бүйрек функциясын ескеру керек. Сондай-ақ Амоксиклав препаратын қолданудың басқа да тәсілдерін, мысалы, амоксициллиннің жоғарылау дозаларын пайдалануды және/немесе амоксициллин және клавулан қышқылын әртүрлі арақатынастарда тағайындауды ескеру керек. Ересектер және дене салмағы 40 кг астам балалар Тәулігіне 1 таблеткадан 625 мг 3 рет тағайындалады. Ең жоғары тәуліктік доза 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылын құрайды. Егде жастағы пациенттер үшін доза түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігінде доза түзету амоксициллиннің ұсынылатын ең жоғары деңгейін ескерумен орындалады. Препаратты креатинин клиренсі (CrCl) 0,5мл/сек. (30 мл / мин.) астам пациенттерге тағайындағанда доза түзету талап етілмейді. Ересектер және салмағы 40 кг астам балалар Креатинин клиренсі: 0.17-0.5 мл/сек. (10-30мл/мин) тәулігіне екі рет. Креатинин клиренсі: < 0.17 мл/сек (<10мл/мин) тәулігіне бір рет. Гемодиализ әрбір 24 сағатта және қосымша диализ соңында 625 мг (өйткені сарысудағы амоксициллин мен клавулан қышқылының концентрациясы төмендейді). Дене салмағы 40 кг төмен балалар Креатинин клиренсі: 0.17-0.5 мл/сек. (10-30мл/мин) 15 мг/3.75 мг/кг тәулігіне екі рет (625 мг асырмай тәулігіне екі рет ) Креатинин клиренсі: < 0.17 мл/сек (< 10мл/мин) 15 мг/3.75 мг/кг бір реттік тәуліктік доза ретінде (625 мг асырмай) Гемодиализ 15 мг/3.75 мг/кг бір реттік тәуліктік доза ретінде. Гемодиализге дейін қосымша 15 мг/3,75 мг/кг қолдану керек. Айналымдағы препараттың деңгейін қалпына келтіру үшін гемодиализден соң 15 мг/3,75 мг/кг дозаны қолдану керек. Бауыр жеткіліксіздігінде сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясын ұдайы бақылау керек. Емдеу ұзақтығы Емнің ұзақтығы пациенттің реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) емдеу кезеңінің ұзақтау болуын талап етеді. Емдеудің ең ұзақ уақыты 14 күннен аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.