+192 бонус

АМОКСИКЛАВ 2Х 875 мг/125 мг №14 таблеток

3850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: Lek Pharmaceuticals d.d.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді заттар: 500 мг амоксициллин (амоксициллин тригидраты түрінде) және 125 мг клавулан қышқылы (калий клавуланаты түрінде) (500 мг/125 мг доза үшін) немесе 875 мг амоксициллин (амоксициллин тригидраты түрінде) және 125 мг клавулан қышқылы (калий клавуланаты түрінде) (875мг/125 мг доза үшін). қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, сусыз кросповидон, натрий карбоксиметилцеллюлоза, магний стеараты, кептірілген микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, этилцеллюлоза, полисорбат, триэтилцитрат, титанның қостотығы (Е 171), тальк.
Қолданылуы
жедел бактериялық синусит жедел ортаңғы отит созылмалы бронхиттің өршуі ауруханадан тыс пневмония цистит пиелонефрит тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы (оның ішінде флегмона, жануарлардың тістеуі, ауыр түрдегі пародонт абсцесі, жақсүйек-бет аймағының флегмонасы) сүйектер мен буындардың инфекциясы (атап айтқанда остеомиелит)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық анамнезінде басқа бета-лактамды препараттарына (мысалы, цефалоспориндерге, карбапенемдерге немесе монобактамдарға) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы холестаздық сарғаю немесе анамнезінде бауыр функциясы жеткіліксіздігінің басқа да жағдайлары (амоксициллин/клавулан қышқылын қолдануға байланысты) 12 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 40 кг кем)
Дозасы
Дозалар амоксициллин/ клавулан қышқылының құрамын ескере отырып есептеледі. Жеке инфекцияларды емдеу үшін Амоксиклав 2Х препаратының дозасын таңдаған кезде келесілерді ескеру керек: - қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын - инфекцияның ауырлық дәрежесін және орналасуын - төменде көрсетілгендей пациенттің жасын, салмағын және бүйрек функциясын. Сондай-ақ, Амоксиклав 2Х препаратын қолданудың басқа да тәсілдерін ескеру қажет, мысалы, амоксициллиннің неғұрлым жоғары дозасын пайдалану және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылын түрлі арақатынаста тағайындау. Ересектер және 12 жастан асқан немесе дене салмағы 40 кг жоғары балалар 500 мг/125 мг 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет немесе 875 мг/125 мг 1 таблеткадан тәулігіне екі рет тағайындайды Ауыр жағдайларда төменгі тыныс алу жолдарының, несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде, ортаңғы құлақ отиті және синусит кезінде 875 мг/125 мг 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет тағайындайды. Емдеу ұзақтығы пациенттің реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзақ емдеу кезеңін талап етеді. Емдеудің ең көп уақыты 14 күннен аспауы тиіс. 500 мг/125 мг доза үшін ең жоғары тәуліктік доза 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылын құрайды, 875 мг/125 мг доза үшін 1750 мг амоксициллин/250 мг клавулан қышқылын құрайды. 12 жасқа толмаған немесе дене салмағы 40 кг аз балалар Бұл дәрілік түрі 12 жасқа толмаған балаларға немесе дене салмағы 40 кг кем балаларға арналмаған. Мұндай балаларға Амоксиклав 2х препаратын суспензия түрінде ішуге тағайындайды. Егде жастағы пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылатын деңгейін ескере отырып орындалады. Препаратты креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин артық пациенттерге тағайындағанда дозаны түзетудің қажеті жоқ. Креатинин деңгейінің көрсеткіші 30мл/мин аз пациенттерге амоксициллин мен клавулан қышқылын 875/25 мг дозада қолдану ұсынылмайды, себебі дозалауды түзету бойынша қандай да бір ұсынымдар жоқ. Ересектер және дене салмағы 40 кг жоғары балалар Креатинин клиренсі: 10-30 мл/мин 500 мг/125 мг тәулігіне екі рет Креатинин клиренсі: < 10 мл /мин 500 мг/125 мг күніне бір рет Гемодиализ әрбір 24 сағат сайын 500 мг/125 мг және диализ соңында қосымша 500 мг/125 мг (амоксициллин мен клавулан қышқылының сарысу құрамындағы концентрациясы төмендейтіндіктен) Бауыр функциясының жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясын үнемі тексеру қажет. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды асқазан-ішектің орын алуы мүмкін бұзылыстарын азайту және амоксициллиннің/ клавулан қышқылының сіңуін арттыру үшін тамақтанар алдында ішкен дұрыс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.