Құрамы
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында
белсенді заттар: 400.00 мг амоксициллин (амоксициллин тригидратына сәйкес келетін) және 60.99 мг* клавулан қышқылы (калий клавуланатына сәйкес келетін)
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, ксантан шайыры, құлпынай хош иістендіргіші, кросповидон, аспартам, натрий кармеллозасы, кремнийдің қостотығы (сусыз)
* 7% тұрақтылық бойынша артық дозалануды қамтиды.
Дозасы
Дозалар амоксициллин/ клавулан қышқылының құрамын ескере отырып есептеледі. Жеке инфекцияларды емдеу үшін Амоксиклав® 2Х препаратының дозасын таңдаған кезде келесілерді ескеру керек:
қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын
инфекцияның ауырлық дәрежесін және орналасуын
төменде көрсетілгендей пациенттің жасын, салмағын және бүйрек функциясын.
Сондай-ақ, Амоксиклав® 2Х препаратын қолданудың басқа да тәсілдерін ескеру қажет, мысалы, амоксициллиннің анағұрлым жоғары дозасын пайдалану және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылын түрлі арақатынаста тағайындау.
Суспензияны болуы мүмкін асқазан-ішек бұзылуларын азайту үшін және амоксициллин/клавулан қышқылының сіңуін арттыру үшін тамақ ішер алдында пероральді қабылдау керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Салмағы 40 кг аз балалар
Балаларға амоксициллин/клавулан қышқылы таблетка түрінде немесе суспензия түрінде тағайындалуы мүмкін.
Ұсынылған доза:
- Дене салмағы 40 кг аз балалар үшін ең жоғары тәуліктік доза 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылын құрайды. Амоксициллиннің анағұрлым жоғары тәуліктік дозасын тағайындау қажет болса, клавулан қышқылының жоғары дозаларын қажетсіз қабылдауға жол бермеу үшін Амоксиклав® 2Х препаратының басқа дозасын тағайындау керек.
- Анағұрлым ауыр инфекцияларда (ортаңғы құлақ отиті, синусит және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары) балалардағы тәуліктік доза екі қабылдауға бөлінген 70 мг/10 мг/кг құрайды.
Суспензияны дозалау үшін дозатор (өлшеуіш шприц) қоса беріледі.
Амоксиклав® 2Х, 457 мг/5 мл препаратының бір реттік дозасын дене салмағына қарай таңдау кестесі
Дене салмағы (кг)
Амоксициллиннің бір реттік дозасы
25 мг/кг/тәулік
45 мг/кг/тәулік
70 мг/кг/тәулік
5
0,8 мл тәулігіне 2 рет
1,4 мл тәулігіне 2 рет
-
6
0,9 мл тәулігіне 2 рет
1,7 мл тәулігіне 2 рет
-
7
1,1 мл тәулігіне 2 рет
2,0 мл тәулігіне 2 рет
-
8
1,3 мл тәулігіне 2 рет
2,3 мл тәулігіне 2 рет
-
9
1,4 мл тәулігіне 2 рет
2,5 мл тәулігіне 2 рет
-
10
1,6 мл тәулігіне 2 рет
2,8 мл тәулігіне 2 рет
-
11
1,7 мл тәулігіне 2 рет
3,1 мл тәулігіне 2 рет
-
12
1,9 мл тәулігіне 2 рет
3,4 мл тәулігіне 2 рет
-
13
2,0 мл тәулігіне 2 рет
3,7 мл тәулігіне 2 рет
5,7 мл тәулігіне 2 рет
14
2,2 мл тәулігіне 2 рет
3,9 мл тәулігіне 2 рет
6,0 мл тәулігіне 2 рет
15
2,3 мл тәулігіне 2 рет
4,2 мл тәулігіне 2 рет
6,5 мл тәулігіне 2 рет
20
3,1 мл тәулігіне 2 рет
5,6 мл тәулігіне 2 рет
8,8 мл тәулігіне 2 рет
25
4,0 мл тәулігіне 2 рет
7,0 мл тәулігіне 2 рет
11 мл тәулігіне 2 рет
30
4,7 мл тәулігіне 2 рет
8,5 мл тәулігіне 2 рет
13 мл тәулігіне 2 рет
35
5,5 мл тәулігіне 2 рет
9,8 мл тәулігіне 2 рет
15,3 мл тәулігіне 2 рет
40
6,3 мл тәулігіне 2 рет
11,3 мл тәулігіне 2 рет
17,5 мл тәулігіне 2 рет
2 жасқа дейінгі балаларда Амоксиклав® 2Х препаратының тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг - осы дозасын қолдану бойынша клиникалық деректер жоқ.
2 айға толмаған балаларда Амоксиклав® 2Х 457 мг/5 мл препаратын қолдану бойынша деректердің жоқтығына байланысты препарат 2 айға дейінгі балаларға тағайындалмайды.
Ересектер және 12 жастан асқан немесе дене салмағы 40 кг жоғары балалар
500 мг/125 мг 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет немесе 875 мг/125 мг 1 таблеткадан тәулігіне екі рет тағайындайды.
Ауыр жағдайларда төменгі тыныс алу жолдарының, несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде, ортаңғы құлақ отиті және синусит кезінде 875 мг/125 мг 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет тағайындайды.
500 мг/125 мг доза үшін ең жоғары тәуліктік доза 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылын құрайды, 875 мг/125 мг доза үшін 1750 мг амоксициллин/250 мг клавулан қышқылын құрайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Препаратты креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин артық пациенттерге тағайындағанда дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Амоксиклав® 2Х препаратын (амоксициллин мен клавулан қышқылының арақатынасы 7:1) креатинин клиренсі 30 мл/мин (0,5 мл/сек) кем пациенттерге тағайындау ұсынылмайды, себебі дозаны түзету бойынша нұсқаулар жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясын үнемі тексеру қажет.
Суспензияны дайындау тәсілі
Амоксиклав® 2Х препараты, суспензия 457 мг/5 мл (5,70 г ұнтақ 35 мл суспензия дайындау үшін сыйымдылығы 60 мл құтыларға): ұнтақ бар құтыны сілкіп, екі қабылдаумен (алдымен 2/3, содан кейін белгіге дейін) су (қайнатылған салқындатылған) қосыңыз. Әрбір қабылдау алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқаңыз. Дайындалған суспензияның көлемі 35 мл.
Амоксиклав® 2Х препараты, 457 мг/5 мл суспензиясы (11.0 г ұнтақ 70 мл суспензия дайындау үшін сыйымдылығы 100 мл құтыларға): ұнтақ бар құтыны сілкіп, екі қабылдаумен (алдымен 2/3, содан кейін белгіге дейін) су (қайнатылған салқындатылған) қосыңыз. Әрбір қабылдау алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқаңыз. Дайындалған суспензияның көлемі 70 мл.
Амоксиклав® 2Х препараты, 457 мг/5 мл суспензиясы (22.0 г ұнтақ 140 мл суспензия дайындау үшін сыйымдылығы 180 мл құтыларға): ұнтақ бар құтыны сілкіп, екі қабылдаумен (алдымен 2/3, содан кейін белгіге дейін) су (қайнатылған салқындатылған) қосыңыз. Әрбір қабылдау алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқаңыз. Дайындалған суспензияның көлемі 140 мл.
Бұралатын қақпақты ашқан кезде құтының қақпағының тығыны зақымдалмағанына және құтының мойнына тығыз бекітілгеніне көз жеткізу керек. Егер құтының бүтіндігі бұзылса, Амоксиклав 2Х препаратын қолданбаңыз.
Егер суспензияны дайындау алдында құтыда ұнтақ кесектері көрінетін болса, Амоксиклав 2Х препаратын қолдануға болмайды.
Егер дайындалған суспензияның түсі «Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы» бөлімінде көрсетілгеннен өзгеше болса, Амоксиклав 2Х препаратын қолдануға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы пациенттің реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзақ емдеу кезеңін талап етеді. Емдеудің ең көп уақыты 14 күннен аспауы тиіс.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.