+67 бонус

АМОКС-250 250 мг №10 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
1350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амоксициллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Brawn Laboratories Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді заттар - 250 мг амоксициллинге баламалы амоксициллин тригидраты немесе 500 мг амоксициллинге баламалы амоксициллин тригидраты, 60 млн лактобактерия споралары (20% артық). қосымша заттар: магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил-200), тазартылған тальк. қабықтың құрамы: желатин, титанның қостотығы, натрий лаурилсульфаты, поливинилпирролидон, тазартылған су.
Қолданылуы
- тыныс алу жолдарының жұқпаларында - ЛОР-жұқпаларда (ортаңғы отит, синусит, тонзиллит, фарингит) - несеп-жыныс жүйесі ағзаларының жұқпаларында, созды қоса есептегенде - өт жолдарының және өт қалтасының жұқпаларында - асқазан-ішек жолының жұқпаларында (созылмалы Salmonella typhi бактериясын тасымалдаушыларды бактериологиялық емдеуді қосқанда) - тері мен шырышты қабықтардың жұқпаларында - сүйектердің жұқпаларында (остеит, остеомиелит) - бактериялық эндокардитте.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне және пенициллин қатарының басқа антибиотиктеріне асқын сезімталдықта - жұқпалы мононуклеозда немесе лимфолейкозда - 6 жасқа дейінгі балаларға - асқазан-ішек жолының құсумен, диареямен қоса қабаттасатын ауруларында.
Дозасы
Қолдану тәсілдері және дозасы Ересектер және 10 жастан асқан балалар Амокстің әдеттегі дозасы, аурудың ауырлығына байланысты, әрбір 8 сағат сайын қабылданатын 250-500 мг-ды құрайды. Тыныс алу жолдарының ауыр немесе қайталанатын жұқпаларында Амокстің дозасы әрбір 12 сағат сайын қабылданатын 3 г-ды құрайды. Амокстің ең жоғары тәуліктік дозасы 6 г-ды құрайды. 6-дан 10 жасқа дейінгі балалар Амокстің әдеттегі дозасы, аурудың ауырлығына байланысты, әрбір 8 сағат сайын қабылданатын 125-250 мг-ды құрайды. Орташа тәуліктік дозасы 3 қабылдауға бөлінген, дене салмағының әр кг-на шаққанда 20-40 мг-ды құрайды. Дене салмағы 40 кг-нан асатын балаларға препараттың ересектерге арналған дозасын тағайындайды. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілер Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан (креатинин клиренсі минутына 10-30 мл) емделушілерде (250-500 мг) дозаларды қабылдау арасындағы кезең 12 сағатқа дейін арттырылуы тиіс. Егер креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден аз болса, негізгі аурудың ауырлығына байланысты, тәулігіне бір рет 250-500 мг амоксициллин тағайындайды (ол 250 мг Амокстің 1-2 капсуласына немесе 500 мг Амокстің 1 капсуласына сәйкес келеді).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.