+8 бонус

Аммиак 10% 50 мл фл

175 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Фармация АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді зат - 44.0 мл концентрацияланған аммиак ерітіндісі қосымша зат - 100.0 мл-ге дейін тазартылған су
Қолданылуы
- тыныс алуды қоздыру және науқасты естен тану жағдайынан шығару үшін - жәндіктер шаққанда - хирургиялық практикада С.И. Спасокукоцкийжәне И.Г.Кочергин әдісімен қолды жуу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы - жергілікті қолданған кезде тері аурулары: дерматиттер, дерматоздар, экзема - 3 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Тыныс алуды қоздыру үшін: мақта немесе дәке тампонды препаратқа малып, мұрын саңылауларына 0,5-1 секундқа абайлап жақындатады. Хирургиялық практикада қолды жууға арналған ерітінді дайындау үшін 25 мл препаратты 5 литр қайнаған жылы суда сұйылтады. Жәндіктер шаққан кезде – дымқыл дәке басу түрінде. Артық дозаланғанда қолданылатын шаралар Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі Емі: тыныс алу тоқтап қалған кезде тыныс алу аналептиктерін (кофеин, кордиамин) енгізу, жасанды тыныс алдыруды жүргізу керек. Симптоматикалық ем. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар Қажет болған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуге болады. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар - қышыну, гиперемия, ісіну - аммиак буының үлкен концентрациясымен дем алған кезде тыныстың шектен тыс тарылуы және тыныс алудың рефлекторлық тоқтап қалуы мүмкін Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыныз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.