+13 бонус

АМЛОДИПИН 10мг №30 таб

270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод мед. препаратов
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - амлодипин (амлодипин бесилаты түрінде) 5 мг немесе 10 мг; қосымша заттар: картоп крахмалы, ішінара желатинденген жүгері крахмалы, кальций стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфат дигидраты.
Қолданылуы
артериялық гипертензия; тұрақты стенокардияда және вазоспазмдық стенокардияда (Принцметал стенокардиясы)
Қарсы көрсетілімдер
- дигидропиридин туындыларына, амлодипинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - ауыр артериялық гипотензия (САҚ 90 мм сын.бағ. аз); - жүректің сол жақ қарыншасының шығару жолының обструкциясы (мысалы, ауырлығы жоғары дәрежедегі қолқа стенозы); - шок (кардиогендік шокты қоса); - миокард инфарктісінен кейінгі жүректің гемодинамикалық тұрақсыз жеткіліксіздігі; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған);
Дозасы
Артериялық гипертензия мен стенокардия кезінде ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Клиникалық жауапқа байланысты дозаны тәулігіне бір рет 10 мг дейін арттыруға болады. Емдеу курсын емдеуші дәрігер белгілейді. Тиазидті диуретиктерді, β-блокаторларды және ангиотензин өзгертетін фермент тежегіштерін (АӨФ) бір мезгілде қолданғанда дозаны түзету талап етілмейді. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы адамдарға, дене салмағы аз адамдарға және бауыр функциясы бұзылған пациенттерге 2,5 мг дозаны тағайындауға болады. Дәл осындай дозаны амлодипиннің басқа гипертензияға қарсы дәрілермен біріктірілімі кезінде тағайындауға болады. Препараттың дозасын пациенттің жеке қажеттіліктерін ескере отырып таңдау керек. Әдетте дозаны таңдау (титрлеу) дәрігерге пациенттің әрбір дозаға жауабын бағалауға мүмкіндік беретін 7-ден 14 күнге дейін жүргізіледі. Клиникалық қажеттілік туындаған кезде, егер пациенттің жағдайын жиі бағалау мүмкін болса, титрлеуді тездетуге болады. Тұрақты және вазоспазмдық стенокардияда ұсынылатын доза 5-10 мг құрайды, төмен доза егде жастағы және бауыр функциясы бұзылған пациенттерге ұсынылады. Талапқа сай әсер алу үшін пациенттердің көпшілігіне 10 мг доза қажет. Коронарлық артерия аурулары бар пациенттер үшін ұсынылатын доза аралық күніне 5-10 мг құрайды. Клиникалық зерттеулерде пациенттердің көпшілігіне күніне 10 мг доза қажет болды. Балаларда қолдану. Амлодипиннің балаларда қолдану кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі мен жолы Амлодипин тәулігіне бір рет ішке қабылданады. Препаратты тәуліктің бір уақытында, сумен ішіп қабылдау керек. Амлодипинді грейпфрут шырынымен қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.