+201 бонус

АМЛИПИН 5мг/5мг №30 таб

4020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лизиноприл и амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: амлодипин 5 мг (амлодипин биселаты түрінде 6.930 мг), лизиноприл 5 мг (лизиноприл дигидраты түрінде 5.440 мг), қосымша заттар: жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты, лактоза моногидраты 25 мг, повидон (К30), натрий крахмал гликоляты, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза (Е15), титанның қостотығы (Е171), тазартылған тальк, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), пропиленгликоль 0.724 мг.
Қолданылуы
Ересектерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде. Амлипин препараты ересек пациенттерде артериялық қысымды (АҚ) тиісті бақылауды қамтамасыз ететін дозаларда, амлодипин мен лизиноприлді бір мезгілде бөлек қабылдауға балама ретінде көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
Амлодипин - амлодипинге немесе басқа қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - ауыр артериялық гипотензия - шок (оның ішінде кардиогенді шок) - сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы (мысалы, ауыр дәрежедегі аорталық стеноз) - жедел миокард инфарктісінен кейін гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі Лизиноприл - лизиноприлге немесе ангиотензин түрлендіретін ферменттің басқа тежегіштеріне (АӨФ тежегіштері) аса жоғары сезімталдық; - АӨФ тежегіштерін қолданумен байланысты анамнездегі ангионевроздық ісіну; - сакубитрил мен валсартан біріктірілімін бір мезгілде қолдану (лизиноприлмен емдеуді сакубитрил мен валсартан біріктірілімінің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 36 сағаттан кейін бастаған жөн); - тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну; - жүктіліктің II және III триместрі; - құрамында алискирен бар препараттарды бір мезгілде қолдану (қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) 60 мл/мин/1,73 м 2 кем)). Амлипин - жүктілікті жоспарлау, жүктілік және лактация кезеңдері. Амлодипин мен лизиноприлді қолданумен байланысты жоғарыда көрсетілген барлық қарсы көрсетілімдер Амлипин препаратына жатады.
Дозасы
Ұсынылатын доза - тәулігіне бір рет 1 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза - 1 таблетка. Әдетте, тіркелген дозалардағы дәрілік заттардың біріктірілімінен тұратын препараттар ауруларды бастапқы емдеу ретінде көрсетілмейді. Амлипин препаратын препаратта бар амлодипин мен лизиноприл дозалары дәрілік заттардың жеке белгіленген тиімді демеуші дозаларына сәйкес келген жағдайларда ғана пайдалану керек. Емдеу кезінде біріктірілімнің қандай да бір компоненттерінің дозасын өзгерту қажет болған жағдайда, құрамында тиісті дозадағы дәрілік зат бар біріктірілімді таңдау немесе дәрілік заттарды бөлек қабылдауға көшу ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа дейінгі балалардағы Амлипин препаратының қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан) Егде жастағы пациенттерде Амлипин препаратын сақтықпен қолдану керек. Зерттеулерде жасына байланысты амлодипин мен лизиноприлдің тиімділігі мен қауіпсіздігі бейініндегі өзгерістер байқалмады. Препараттың оңтайлы демеуші дозасын жеке тәртіппен анықтау үшін амлодипин мен лизиноприлдің дозаларын жеке таңдау қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың оңтайлы бастапқы және демеуші дозасын анықтау үшін жеке тәртіппен амлодипин мен лизиноприл дозасын жеке таңдау қажет. Амлипинмен емдеу кезінде бүйрек функциясын, қан сарысуындағы калий мен натрий деңгейін бақылау қажет. Егер Амлипин препаратымен емдеу аясында бүйрек функциясының төмендеуі байқалса, препаратты қолдануды тоқтатып, тиісті түрде іріктелген дозаларда амлодипин мен лизиноприлді бөлек қабылдауды жалғастыру керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Амлипин препаратын дозалау жөніндегі ұсынымдар жоқ, сондықтан препаратты осындай пациенттерде қолданған кезде сақ болу қажет; емді препаратты ең аз дозада пайдалана отырып, бастау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың оңтайлы бастапқы және демеуші дозасын анықтау үшін жеке тәртіппен амлодипин мен лизиноприл дозасын жеке таңдау қажет. Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипиннің фармакокинетикалық параметрлерін зерттеу жүргізілмеген, мұндай пациенттерде дәрілік затты ең аз дозада пайдалана отырып, амлодипинмен емдеуді бастаған жөн, кейіннен дозаны біртіндеп арттыруға болады. Енгізу әдісі және жолы Таблеткалар тамақ ішуге қарамастан ішке қабылданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.