+108 бонус

АМЛЕССА 4 мг/5 мг №30 таб

2170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл и амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 4 мг/5 мг таблеткалар: периндоприл эрбумині (периндоприл терт-бутиламині) 4,000 мг, амлодипин бесилаты 6,935 мг (5,000 мг амлодипинге баламалы) 4 мг/10 мг таблеткалар: периндоприл эрбумині (периндоприл терт-бутиламині) 4,000 мг, амлодипин бесилаты 13,870 мг (10,000 мг амлодипинге баламалы) 8 мг/5 мг таблеткалар: периндоприл эрбумині (периндоприл терт-бутиламині) 8,000 мг, амлодипин бесилаты 6,935 мг (5,000 мг амлодипинге баламалы) 8 мг/10 мг таблеткалар: периндоприл эрбумині (периндоприл терт-бутиламині) 8,000 мг, амлодипин бесилаты 13,870 мг (10,000 мг амлодипинге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, натрий крахмалы гликоляты, кальций хлориді, натрий гидрокарбонаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
Амлесса® препараты жоғарылаған артериялық қысымды (гипертензия) және/немесе жүректің тұрақты ишемиялық ауруын (жүректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайтын немесе бөгелетін ауру) емдеу үшін қолданылады. Периндоприл және амлодипин монопрепараттарын бір мезгілде қабылдайтын пациенттер құрамында екі компонент бар Амлесса® препаратын қабылдай алады. Амлесса® - бұл екі белсенді компоненттердің, периндоприл мен амлодипиннің біріктірілімі. Периндоприл АӨФ (ангиотензин-өзгертуші ферменттің) тежегіші болып табылады. Амлодипин кальций иондарының антагонисті (дигидропиридиндер деп аталатын препараттар класына жатады). Олар қан тамырларын кеңейте және босаңсыта отырып біріктірілген әсер көрсетеді, бұл қан айналымын жақсартуға ықпал етеді.
Қарсы көрсетілімдер
Амлесса® қолдануға болмайды: егер Сізде периндоприл терт-бутиламин немесе АӨФ кез келген басқа тежегішіне, амлодипин бесилатына немесе кез келген басқа дигидропиридинге немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия болса егер Сізде жүктілік мерзімі 3 айдан асса (сондай-ақ Амлессаны ерте жүктілік кезінде қабылдаудан аулақ болған жөн) егер бұрын басқа АӨФ тежегіштерін қабылдағанда Сізде ысқырып тыныс алу, бет немесе тілдің ісінуі, қатты қышыну немесе ауқымды тері бөртпелері сияқты симптомдар байқалса немесе егер мұндай симптомдар Сіздің отбасы мүшелерінің біреуінде пайда болса (бұл құбылыс ангиоісіну деп аталады) кардиогенді шок кезінде (Сіздің жүрегіңіз организмге жеткілікті мөлшерде қан айдауға болмайтын жағдай), аорталық стенозда (аорталық клапанның тарылуы) немесе тұрақты емес стенокардияда (тыныштық жағдайында туындауы мүмкін кеуденің ауыруы) өте төмен артериялық қысымда (ауыр гипотензия) жүрек жеткіліксіздігінде (жүрек тиісті түрде қан айдауы мүмкін болмағанда, нәтижесінде тыныс алу қиынға соғады немесе шеткері ісінулер) жүрек ұстамасынан кейін егер Сізде қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы болса және Сіз құрамында алискрен бар қан қысымын төмендететін препараттарды қабылдасаңыз егер Сіз диализде немесе қан сүзудің кез келген басқа нысанында болсаңыз. Қолданыстағы диализ аппаратына байланысты, Амлесса® Сізге жарамсыз болуы мүмкін егер Сізде бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі төмендейтін (бүйрек артерияларының стенозы) бүйрек проблемасы болса егер Сіз сакубитрил/валсартанмен, жүрек жеткіліксіздігіндегі препаратпен ем алсаңыз
Дозасы
Амлесса® препаратын қабылдағанда дәрігердің нұсқауларын әрдайым қатаң сақтаңыз. Егер Сіз қабылдаудың дұрыстығына күмән келтірсеңіз, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Бұл препаратты емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән пайда болған жағдайда емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз. Әдеттегі доза - күніне 1 таблетка. Амлесса®, әдетте, периндоприл мен амлодипинді жеке таблеткалар түрінде қабылдайтын пациенттерге тағайындалады. Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.