АМИНОКАПРОНОВАЯ КИСЛОТА 5% 100 мл р-р Красфарма

910 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аминокапроновая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Красфарма ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді зат: 5 г аминокапрон қышқылы қосымша заттар: 0,9 г натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- қан кетулер (гиперфибринолиз, гипо-және афибриногенемия) - хирургиялық араласуларда және патологиялық жағдайларда, қанның фибринолитикалық белсенділігінің жоғарылауымен қатар жүретін қан кетулерде (нейрохирургиялық, қуысішілік, торакальді, гинекологиялық және урологиялық операцияларда, соның ішінде қуықасты безінде, өкпеде, ұйқы безінде, тонзиллэктомияда, стоматологиялық араласулардан кейін, жасанды қан айналу аппаратын пайдаланып жасалатын операцияларда) - геморрагиялық синдромы бар ішкі ағзалар ауруларында - плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы - өлі шарананың жатыр қуысында ұзақ уақыт кідіруі - асқынған аборт - консервацияланған қанды өте көп көлемде құю кезінде салдарлы гипофибриногенемияның алдын алу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тромбоздарға және тромбоэмболиялық ауруларға бейімділік - гиперкоагуляция (тромбтың түзілуі, тромбоэмболия) - ми қан айналымының бұзылулары - қанның қантамырішілік диффузды ұюы салдарынан болатын коагулопатия (ДТҰ синдромы) - жүктілік - лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі клиникалық деректер болмауына байланысты).
Дозасы
Пациенттің 1 кг салмағына аминокапрон қышқылының 1 мл 5% ерітіндісі. Алғашқы сағат ішінде 80-100 мл (4-5 г) енгізу ұсынылады, содан кейін қажет болған жағдайда, қан кету толық тоқтағанша, әрбір сағат сайын 20 мл (1 г) енгізеді, бірақ  8 сағаттан асырмайды. Қан кету ұзаққа созылғанда немесе қайталанғанда 5%  аминокапрон қышқылының ерітіндісімен инфузияны 4 сағаттан кейін қайталайды. Ересектер үшін ең жоғары доза – 600 мл (30 г). Жедел фибринолизде орташа тәуліктік дозасы 2-4 г (ең жоғары дозасы – 8 г) фибриногенді қосымша енгізу қажет. Аминокапрон қышқылын қолдану ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісіне байланысты. Енгізу әдісі мен жолы Вена ішіне, тамшылатып. Инфузия жылдамдығы минутына 50-60 тамшы. Қолданар алдында препараты бар контейнерді және ерітіндіні тексерген жөн. Көзге көрінетін қосылыстарсыз және қаптамасында зақым болмаған жағдайда тек мөлдір ерітіндіні қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.