+52 бонус

АМИКАЦИН 500 мг №1 фл Красфарма

1050 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амикацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ОАО Красфарма
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат: амикацинге шаққанда амикацин сульфаты – 500 мг
Қолданылуы
Амикацинге сезімтал микроорганизмдер әсерінен туындаған мына жұқпалы-қабыну ауруларында (грамтеріс - гентамицинге, сизомицинге және канамицинге төзімді; грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің астасуымен): - тыныс жолдарының (бронхит, пневмония, плевра эмпиемасы, өкпе абсцесі) - сепсис - септикалық эндокардит - орталық жүйке жүйесінің (менингитті қоса есептегенде) - құрсақ қуысының (соның ішінде перитонит) - несепжыныс жолдарының (пиелонефрит, цистит, уретрит, простатит, соз) - тері мен жұмсақ тіндердің іріңді жұқпалары (соның ішінде жұқпа жұққан күйіктер, жұқпаланған ойық жаралар және генезі әртүрлі ойылулар) - өт шығару жолдарының - сүйектер мен буындардың (соның ішінде остеомиелит) - жара жұқпасы - операциядан кейінгі жұқпалар
Қарсы көрсетілімдер
- асқын сезімталдық (соның ішінде сыртартқыда басқа аминогликозидтерге) - есту жүйкесінің невриті - азотемиямен және уремиямен ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Көктамыр ішіне (к/і) (2 минут ішінде сорғалатып немесе тамшылатып), бұлшықет ішіне (б/і). Ересектерге және 6 жастан асқан балаларға әрбір 8 сағат сайын дене салмағының әр кг-на шаққанда 5 мг немесе әрбір 12 сағат сайын дене салмағының әр кг-на шаққанда 7,5 мг-нан; несеп шығару жолдарының бактериялық жұқпаларында (асқынбаған) – әрбір 12 сағат сайын 250 мг; гемодиализ сеансынан кейін қосымша доза 3-5 мг/кг тағайындалуы мүмкін. Ересектер үшін ең жоғары доза тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 15 мг-ға дейін, бірақ 10 күн бойы тәулігіне 1,5 г-нан асырмайды. К/і енгізгенде емдеу ұзақтығы – 3 - 7 күн, б/і енгізгенде – 7 - 10 күн. 1 айлықтан 6 жасқа дейінгі балаларға бастапқы доза 10 мг/кг, содан кейін 7-10 күн бойы әрбір 12 сағат сайын дене салмағының әр кг-на шаққанда 7,5 мг-нан. Күйген науқастарға әрбір 4 - 6 сағат сайын 5 - 7,5 мг/кг доза қажет болуы мүмкін, өйткені бұл науқастарда T1/2 өте қысқа (1 - 1,5 сағат). Бүйрек жеткіліксіздігінде Бүйректің бөліп шығару функциясы бұзылғанда дозаны төмендету немесе енгізу арасындағы аралықтарды арттыру қажет. Енгізу арасындағы аралықтарды арттыруды (креатинин клиренсі белгісіз, ал емделушінің жағдайы тұрақты) былайша анықтайды: Аралық (сағ.) = қан сарысуындағы креатинин концентрациясы х 9. Егер сарысудағы креатинин концентрациясы 2 мг/100 мл болса, онда ұсынылатын бір реттік дозаны (7,5 мг/кг) әрбір 18 сағат сайын енгізу қажет. Аралықты арттырған кезде бір реттік дозаны өзгертпейді. Енгізу арасындағы аралықты өзгертпегенде бір реттік дозаны төмендету: Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарда алғашқы доза 7,5 мг/кг құрайды. Кейінгі дозаларды есептеу (әрбір 12 сағат сайын енгізіледі): науқаста байқалған креатинин клиренсі, (мл/мин) кейінгі доза (мг) = _____________________________________________ х бастапқы доза (мг). қалыпты креатинин клиренсі (мл/мин) Б/і енгізу үшін ex tempore дайындалған ерітіндіні пайдаланып, құтының ішіндегі затқа инъекцияға арналған 2 - 3 мл су қосады. К/і енгізу үшін алдын ала 200 мл 5% декстроза ерітіндісінде немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылған б/і арналған ерітінді қолданылады. К/і енгізуге арналған ерітіндідегі амикациннің концентрациясы 5 мг/мл-ден аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.