+60 бонус

АМЕТРОНИД 10г гель

1200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ТОО Авимед Ремедиес
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
10 грамм препараттың құрамында белсенді заттар: 0.160 г метронидазол бензоаты, 0.100г метронидозолға баламалы, хлоргексидин глюконаты ерітіндісі 0.025г хлоргексидин глюконатына баламалы қосымша заттар: карбопол 974P, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, полиэтиленгликоль 400, бұрышты жалбыз эссенциясы, триэтаноламин, пропиленгликоль, тазартылған су.
Қолданылуы
Пародонттың және ауыз қуысының шырышты қабығының инфекциялық-қабынулық ауруларында: - жедел және созылмалы гингивитте - Венсанның жедел ойық жаралы-некроздық гингивитінде - жедел және созылмалы пародонтитте - жасөспірімдердегі пародонтитте - гингивитпен асқынған пародонтозда - афтоздық стоматитте - хейлитте - протез тағу кезінде ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында - экстракциядан кейінгі альвеолитте - периодонтитте (біріктірілген ем құрамында)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктіліктің I триместрі - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі Ересектерге және 6 жастан үлкен балаларға гингивит кезінде Аметронидті қызыл иек аймағына тәулігіне 2 рет жағады, гельді шайып тастау ұсынылмайды. Емдеу курсының ұзақтығы орта есеппен 7-10 күнді құрайды. Гельді қолданғаннан кейін 30 минут бойы су және тамақ ішуден бас тарту керек. Пародонтит кезінде тістегі шөгінділерді алғаннан кейін пародонтальді қалталарды гельмен өңдейді және қызыл иек аумағына гель жағылады. Экспозиция уақыты - 30 минут. Емшаралар саны аурудың ауырлығына тәуелді. Ары қарай гельді аппликациялауды пациент өз бетінше жүргізуіне болады: препаратты қызыл иек аумағына 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет жағу керек. Афтоздық стоматит кезінде гельді ауыз қуысының шырышты қабығының зақымданған аумағына 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет жағады. Созылмалы гингивиттің және пародонтиттің асқынуларының профилактикасы үшін гельді қызыл иек аумағына 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет жағады. Профилактика курстарын жылына 2-3 рет жүргізеді. Экстракциядан кейінгі альвеолиттің профилактикасы үшін тісті жұлғаннан кейін препаратпен тіс шұңқырын өңдейді, одан кейін гельді 7-10 күн бойы тәулігіне 2-3 рет амбулатория жағдайында қолданады. Балалар 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті қолдануға арналған. Препарат тек стоматологиялық тәжірибеде қолдануға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.