+175 бонус

АМЕЛОТЕКС 15 мг №10 таб

3500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мелоксикам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РЕСПУБЛИКА МАКЕДОНИЯ
  • Өндіруші: Реплек Фарм ООО Скопье
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - мелоксикам 7,5 мг немесе 15 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий цитраты, кросповидон, повидон, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Амелотекс® таблеткалары ересектер мен 16 жастағы және одан жоғары жастағы балаларда қолдануға арналған: остеоартроздың өршуін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу; ревматоидты артритті, шорбуынданатын спондилитті ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді компонентке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; әсер етуі ұқсас заттарға, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП), аспиринге аса жоғары сезімталдық; Мелоксикамды аспирин немесе басқа ҚҚСП қабылдаудан кейін демікпе симптомдары, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну немесе есекжем пайда болған пациенттерге қолдануға болмайды; анамнездегі алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішек қан кетуі немесе тесілуі; қайталамалы пептидті ойық жара/белсенді түрдегі немесе анамнездегі қан кету (ойық жаралану немесе қан кетудің екі немесе одан көп айқын дәлелденген көрінісі); бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; диализ жүргізілмейтін бүйректің ауыр жеткіліксіздігі; асқазан-ішектен қан кету, цереброваскулярлы қан кету немесе анамнездегі басқа қан кетулер; жүректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі; жүктіліктің үшінші триместрі («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз); балалар және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектер Толық тәуліктік дозаны бір реттік доза түрінде қабылдайды. Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылауды белгілеу үшін қажетті ең аз кезең ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады («Арнайы ескертулер» бөлімшесін қараңыз). Пациенттің симптомдарды басуды қажетсінуін және оның емге, әсіресе артрозы бар пациенттерде жауабын мезгіл-мезгіл қайта бағалау керек. Остеоартроздың өршуі Тәулігіне 7,5 мг (бір 7,5 мг таблетка). Қажет болған жағдайда, жақсартулар болмаған жағдайда, доза тәулігіне 15 мг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін (екі 7,5 мг таблетка немесе бір 15 мг таблетка). Ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит Тәулігіне 15 мг (екі 7,5 мг таблетка немесе бір 15 мг таблетка). (Сондай-ақ, төмендегі «Пациенттердің ерекше топтары» бөлімін қараңыз). Емдік жауабына байланысты доза тәулігіне 7,5 мг-ға дейін төмендетілуі мүмкін (бір 7,5 мг таблетка). ТӘУЛІГІНЕ 15 МГ ДОЗАДАН АСЫРМАҢЫЗ. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Амелотекс®, 7,5 мг және 15 мг таблеткаларын балалар мен 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде ревматоидты артрит пен шорбуынданатын спондилитті ұзақ уақыт емдеуге ұсынылатын дозасы тәулігіне 7,5 мг құрайды. Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары пациенттер. Жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары, мысалы, асқазан-ішек аурулары немесе жүрек-қантамыр ауруларына тән қауіп факторлары бар пациенттерде емдеуді 7,5 мг/тәулік дозадан бастау керек. Бүйрек функциясының бұзылуы Осы дәрілік зат диализ жүргізілмейтін бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімшесін қараңыз). Гемодиализде жүрген бүйректің терминалдық жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза тәулігіне 7,5 мг-ден аспауы тиіс. Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар (атап айтқанда, креатинин клиренсі 25 мл/минуттан астам) пациенттерге дозаны төмендету қажет емес. Бауыр функциясының бұзылуы Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету қажет емес (Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімшесінен қараңыз). Енгізу әдісі және жолы Пероральді қолдануға арналған. Амелотекс®, 7,5 мг немесе 15 мг таблеткаларды бір мезгілде тамақпен бірге су немесе басқа сұйықтықпен ішеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.