+146 бонус

АМБРОБЕНЕ-ТЕВА 7,5 мг/мл р-р д/инг и приёма вн. 100 мл

2920 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амброксол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Меркле ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат - амброксол гидрохлориді 7,5 мг, қосымша заттар – калий сорбаты, 25% хлорсутек қышқылы (рН түзету үшін), тазартылған су.
Қолданылуы
секреция  бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секреторлық емінде
Қарсы көрсетілімдер
- амброксолға және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі
Дозасы
Амбробене®-Тева ішуге және ингаляцияға арналған ерітіндіні тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады, препаратты қоса беріліп отырған өлшегіш стақанның көмегімен дозалайды. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: алғашқы 2-3 күнде тәулігіне 3 рет 4 мл ерітіндіден (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), одан әрі тәулігіне 2 рет 4 мл-ден (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Ауыр жағдайларда 4 мл ерітіндіні тәулігіне 3 рет қабылдау сызбасы дәрігермен кеңескеннен кейін жалғастырылуы мүмкін. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 2-3 рет 2 мл ерітіндіден (күніне 30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 3 рет 1 мл ерітінді (күніне 22,5 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). 2 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 2 рет 1 мл ерітінді (күніне 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Препаратты ингаляция түрінде қолдану. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға: күн сайын 2-3 мл ерітіндіден 1-2 ингаляция. 6 жасқа дейінгі балаларға: күн сайын 1-2 мл ерітіндіден 1-2 ингаляция. 2 жасқа дейінгі балаларға: 1 мл ерітіндіден 1 ингаляция күн сайын 1-2 рет Егер күніне бір ғана ингаляция мүмкін болса, препаратты қосымша пероральді қабылдау қажет. Ингаляция кезінде қалыпты тыныс алуды сақтау керек, өйткені ингаляция процесі жөтелдің қозуына әкелуі мүмкін. Амбробене®-Тева ингаляцияға арналған ерітіндісін ингаляцияға арналған түрлі аспаптарда (бу ингаляторларын қоспағанда) пайдалануға болады. Ингалятордан жеткізілетін ауаның оңтайлы ылғалдануы үшін ерітіндіні тең бөлікте (1:1 қатынасы) физиологиялық ерітіндімен араластыруға болады. Ерітіндіні ингаляциядан бұрын дене температурасына дейін жылыту керек. Бронх демікпесі бар пациенттерге ингаляция алдында әдеттегі бронхспазмолитикалық дәріні беру керек. Тек түссіз ерітінділерді немесе ең болмағанда бояу дәрежесі аздау ерітінділерді қолдану қажет. Препараттың секретолитикалық әсерін жақсарту үшін жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы ауру ағымының ерекшеліктеріне байланысты, бірақ препаратты дәрігердің кеңесінсіз 4-5 күннен артық қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.