+90 бонус

АМБРОБЕНЕ-ТЕВА 15мг/2мл раствор д/инъекций 2мл №5 амп

1815 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амброксол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Ратиофарм ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат: 0,015 г амброксол гидрохлориді қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий хлориді, натрий фосфат гептагидраты, 25% хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су, азот.
Қолданылуы
Амбробене®-Тева инъекцияға арналған ерітінді секрецияның бұзылуымен және қақырықтың қиын шығуымен сипатталатын жедел және созылмалы бронхөкпе аурулары кезінде секретолитикалық ем мақсатында қолданылады: - жедел және созылмалы бронхитте, пневмонияда - қақырықтың шығуы қиындайтын бронх демікпесінде - бронхоэктаздық ауруда.
Қарсы көрсетілімдер
амброксолға және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Амбробене®-Тева инъекцияға арналған ерітіндісін бұлшықет ішіне, тері астына немесе вена ішіне (баяу сорғалатып немесе тамшылатып) енгізеді. Еріткіш ретінде 0,9 % натрий хлориді ерітіндісін, 5 % глюкоза ерітіндісін, Рингер-Локк ерітіндісін немесе pH 6,3 аспайтын басқа базистік ерітіндіні қолданады. Араластыру тікелей қолданар алдында жүзеге асырылуы керек, дайын қоспаны 6 сағат ішінде пайдалану керек. Ересектерге: әдетте 2 мл-ден (1 ампула) тәулігіне 2-3 рет тағайындайды, ауыр жағдайларда доза екі еселенуі мүмкін. Балаларға препаратты 1 кг дене салмағына 0,0012-0,0016 г есебінен тәуліктік дозада тағайындайды. 2 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек қана дәрігердің ұсынуымен тағайындауға болады. 2 жасқа дейінгі балаларға: 1 мл-ден (1/2 ампула) тәулігіне 2 рет; 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға: - 1 мл-ден (1/2 ампула) 3 рет; 5 жастан асқан балаларға: - 2 мл-ден (1 ампула) 2-3 рет. Жаңа туған нәрестелер мен шала туған балалардағы респираторлық дистресс-синдромында: Амбробене®-Тева инъекцияға арналған ерітіндінің тәуліктік дозасы 0,01 г/кг дейін (ауыр жағдайларда - 0,03 г/кг дейін) артады, бұл ретте тәуліктік дозасы 3-4 инъекцияға бөлінеді. Аурудың жедел көріністері қайтқаннан кейін инъекциялар тоқтатылады және Амбробене®-Тева препаратының басқа дәрілік түрін ішке қабылдауға көшеді. Емдеу ұзақтығы ауру ағымы ерекшеліктеріне байланысты. Қолдану ұзақтығы туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдауы тиіс. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жағымсыз құбылыстар төменде жүйелік-ағзалық кластар және келесі жіктеме бойынша жиілік бойынша ұсынылған: өте жиі ≥ 1/10 жиі ≥ 1/100 до <1/10 жиі емес ≥1/1000 до <1/100 сирек ≥1/10,000 до <1/1000 өте сирек <1/10,000 белгісіз: жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар, өйткені қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар Сирек: - аса жоғары сезімталдық реакциялары Белгісіз: - анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну және қышыну Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар Сирек: - бөртпе, есекжем Белгісіз: - ауыр тері реакциялары (көп формалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын/уытты эпидермальді некролизді және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса) Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар Сирек: ауыздың құрғауы, іш қату, сілекейдің жоғарылауы, тамақтың құрғауы Белгісіз: - жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия және іштің ауыруы Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар: Сирек: - ринорея, ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциясының симптомы ретінде) Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Сирек: дизурия Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар: Жиі емес: - қызба, шырышты қабықтың жергілікті реакциялары Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз (жағымсыз реакциялар бойынша ақпараттық деректер базасын көрсету) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.