+87 бонус

АМБРО МУЛЬТИФРУКТ 15 мг/5 мл сироп 100 мл

1750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амброксол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препараттың құрамы 5 мл препараттың құрамында белсенді зат - 15.0 мг және 30.0 мг амброксол гидрохлориді қосымша заттар: кристалды емес сұйық сорбитол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитрат дигидраты, тағамдық «Тутти-фрутти 1537» хош иістендіргіші, 0.1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, тазартылған су
Қолданылуы
Секреция бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші зат амброксол гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық препаратты 2 жасқа дейінгі балаларда дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану көрсетілген тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Дозасы
Амбро® Мультифрукт 15 мг/ 5 мл Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: Емдеудің алғашқы 2-3 күндері тәулігіне 3 рет 10 мл-ден (тәулігіне 90 мг амброксолға баламалы), келесі күндері тәулігіне 2 рет 10 мл (тәулігіне 60 мг амброксолға баламалы). Қажет болған жағдайда ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін емдік әсері дозаны тәулігіне 2 рет 20 мл-ге дейін ұлғайтумен күшейтілуі мүмкін (бұл тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Пациенттердің ерекше топтары Балалар Жекелеген жас санаттары үшін келесі дозалары пайдаланылады: 2 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 2 рет 2,5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 15 мг амброксолға баламалы). 2-ден 5 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 3 рет 2,5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 22,5 мг амброксолға баламалы). 6-12 жастағы балалар тәулігіне 2-3 рет 5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 30-45 мг амброксолға баламалы). Амбро® Мультифрукт 30 мг/ 5 мл Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: Емдеудің алғашқы 2-3 күні 5 мл-ден тәулігіне 3 рет (тәулігіне 90 мг амброксолға баламалы), келесі күндері 5 мл-ден тәулігіне 2 рет (тәулігіне 60 мг амброксолға баламалы) қабылданады. Қажет болған жағдайда ересектер мен 12 жастан асқан балаларға арналған емдік әсері дозаны тәулігіне 2 рет 10 мл-ге дейін ұлғайтумен күшейтілуі мүмкін (бұл тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балаларға дозалау режимі аурудың клиникалық көрінісінің ауырлығына байланысты белгіленеді: 2 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2 рет 1,25 мл (тәулігіне 15 мг амброксолға баламалы). 2 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 3 рет 1,25 мл (тәулігіне 22,5 мг амброксолға баламалы). 6 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2-3 рет 2,5 мл (тәулігіне 30-45 мг амброксолға баламалы). Енгізу әдісі және жолы Амбро® Мультифрукт ішуге қабылдауға арналған Амбро® Мультифрукт шәрбаты қоса берілген өлшеуіш қасықтың көмегімен қабылданады. Препаратты 2 жасқа толмаған балаларда дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.