АМБРО 15 мг/5 мл сироп 100 мл

1700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амброксол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл препараттың құрамында белсенді зат - амброксол гидрохлориді 15.000 мг және 30.000 мг қосымша заттар: кристалды емес сұйық сорбитол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, тағамдық «Өрік-95» хош иістендіргіші, 0.1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, тазартылған су
Қолданылуы
Секреция бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші зат амброксол гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Амбро® 15 мг/ 5 мл Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: Емдеудің алғашқы 2-3 күндері тәулігіне 3 рет 10 мл-ден (тәулігіне 90 мг амброксолға баламалы), келесі күндері тәулігіне 2 рет 10 мл (тәулігіне 60 мг амброксолға баламалы). Қажет болған жағдайда ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін емдік әсері дозаны тәулігіне 2 рет 20 мл-ге дейін ұлғайтумен күшейтілуі мүмкін (бұл тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Пациенттердің ерекше топтары Балалар Жекелеген жас санаттары үшін келесі дозалары пайдаланылады: 2 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 2 рет 2,5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 15 мг амброксолға баламалы). 2-5 жастағы балалар тәулігіне 3 рет 2,5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 22,5 мг амброксолға баламалы). 5-12 жастағы балалар тәулігіне 2-3 рет 5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 30-45 мг амброксолға баламалы). Амбро® 30 мг/ 5 мл Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: Емдеудің алғашқы 2-3 күні 5 мл-ден тәулігіне 3 рет, келесі күндері 5 мл-ден тәулігіне 2 рет қабылданады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балаларға дозалау режимі аурудың клиникалық көрінісінің ауырлығына байланысты белгіленеді: 1-ден 2 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2 рет 1,25 мл. 2-ден 6 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 3 рет 1,25 мл. 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2-ден 3 ретке дейін 2,5 мл. Енгізу әдісі және жолы Ішуге қабылдауға арналған Препаратты 2 жасқа толмаған балаларда дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.