АМБРО 15 мг 2 мл №5 амп ХФЗ

1420 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амброксол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
2 мл препараттың құрамында: белсенді зат - 15.0 мг амброксол гидрохлориді (100 % затқа шаққанда) қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты , натрий хлориді, натрий гидрофосфат гептагидраты , 1М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Секрецияның бұзылуымен және қақырықтың шығарылуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде: жедел және созылмалы бронхит, қақырықты шығару қиындықтары бар бронх демікпесі, пероральді емдеу мүмкін болмаған кезде бронхоэктазалық ауру. Шала туған нәрестелер мен жаңа туған нәрестелердегі респираторлық дистресс-синдромы. Қарқынды емдеу бөлімінде операциядан кейінгі ателектазаны азайту үшін өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының алдын алу профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
амброксол гидрохлоридінің әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалау режимі: 0-2 жас тәулігіне 2 рет 1/2 ампула (7,5 мг) 2-5 жас тәулігіне 3 рет 1/2 ампула (7,5 мг) 5 жастан үлкен тәулігіне 2-3 рет 1 ампула (15 мг) Емдеу ұзақтығын дәрігер жеке және аурудың ауырлығына байланысты анықтайды. Жаңа туған нәрестелердің респираторлық дистресс-синдромы (РДС) Тәуліктік доза 30 мг/кг құрайды және, әдетте, вена ішіне 4 жеке баяу енгізуге бөлінеді. 5 күн ұзақтықпен шприцті сорғылардың көмегімен кем дегенде 5 минут бойы вена ішіне инфузия арқылы бір реттік дозаны енгізу ұсынылады. Ателектаздің профилактикасы: Қарқынды емдегі ересек пациенттерге профилактика үшін күніне кемінде 3-4 сағат бойы 1 г амброксол гидрохлоридін енгізеді. Ем операциядан 3 күн бұрын, операция жасалған күні және операциядан 2 күн өткен соң жүргізіледі. Неғұрлым концентрацияланған дәрілік түрді (мысалы, 1000 мг амброксол гидрохлориді/50 мл инфузияға арналған концентратты) пайдалану ұсынылады. Енгізу әдісі және жолы Инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне, тері астына немесе вена ішіне енгізеді. Ерітінді вена ішіне 5 минут бойы баяу енгізіледі. 1 - 6 ампуланың ішіндегісін 250 - 500 мл физиологиялық ерітіндіде немесе Рингер ерітіндісінде сұйылту керек. Егер осы еріткіштердің ешқайсысы болмаса, балама ретінде 5% глюкоза ерітіндісін қолдануға болады. 5% глюкоза ерітіндісін қолданған кезде ампуланың ішіндегісін дәл қолданар алдында ғана сұйылтады. Ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет. Егер ерітінді дайындалғаннан кейін бірден қолданылмаса, оны утилизациялау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.