+102 бонус

АМАРИЛ 4 мг №30 таблеток

2040 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глимепирид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Sanofi S.R.L.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 4 мг бір таблетканың құрамында белсенді зат – глимепирид 4 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты, повидон 25000, микрокристалды целлюлоза, индигокармин алюминий лагы (E132)
Қолданылуы
- 2 типті қант диабетін емдеу үшін, диета, физикалық жаттығу және салмақ жоғалту ауруды жеткілікті бақылауды қамтамасыз етпегенде ғана.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне немесе сульфонилмочевина немесе сульфаниламидтердің басқа препараттарына аса жоғары сезімталдық - 1 типті қант диабеті - диабеттік кома - кетоацидоз - бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылуы.  Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылуы жағдайында инсулинге ауысу қажет -  балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Доза қан мен несепте белгіленген глюкоза концентрациясының нәтижелері бойынша анықталады. Бастапқы доза тәулігіне 1 рет 1 мг глимепиридті құрайды. Қажетті бақылауға қол жеткізген кезде осы доза демеуші ем үшін қолданылуы тиіс. Әртүрлі дозалау режимдері үшін тиісті дозалар бар. Жеткіліксіз бақылау кезінде кезең-кезеңмен, кезеңдер арасындағы 1-2 апта аралықпен гликемиялық бақылау көрсеткіштеріне сүйене отырып, дозаны тәулігіне 2, 3 немесе 4 мг глимепиридке дейін арттыру қажет. Тек ерекше жағдайларда, тәулігіне 4 мг глимепиридтен артық доза жақсы нәтиже береді. Глимепиридтің ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне 6 мг құрайды. Ауруы метформиннің ең жоғары тәуліктік дозаларының көмегімен жеткіліксіз бақыланатын пациенттерге глимепиридпен қатар емдеуді бастауға болады. Метформин дозасын сақтай отырып, глимепиридпен емдеуді метаболизмдік бақылаудың қажетті деңгейіне байланысты ең жоғары тәуліктік дозаға дейін кейіннен титрлей отырып, ең төменгі дозадан бастаған жөн. Біріктірілген терапия қатаң медициналық бақылаумен басталуы керек. Амарил® препаратын ең жоғары тәуліктік дозада пайдалану кезінде бақылаудың жеткілікті деңгейіне қол жеткізілмеген пациенттерге, қажет болған жағдайда, қатарлас инсулин терапиясы тағайындалуы мүмкін. Глимепиридтің қолданылатын дозасын сақтай отырып, инсулин терапиясын метаболизмдік бақылаудың қажетті деңгейіне байланысты оны кейіннен арттыра отырып, төмен дозадан бастаған жөн. Мұндай біріктірілген терапияны тек дәрігердің мұқият қадағалауымен бастау керек. Әдетте глимепиридтің бір реттік тәуліктік дозасы жеткілікті. Глимепиридтің тәуліктік дозасын тікелей таңғы асқа дейін немесе таңғы ас кезінде, ал егер таңғы асты өткізіп алса, онда тікелей алғашқы негізгі тамақтануға дейін немесе тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Егер тәулігіне бір рет 1 мг глимепирид қабылдау аясында пациентте гипогликемиялық реакция дамыса, бұл ауруды бақылау үшін осы пациентке тек тиісті диета жеткілікті болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Емдеу барысында инсулинге сезімталдықтың жоғарылауымен қатар жүретін қант диабетін бақылау жақсарған сайын глимепиридке қажеттілік төмендеуі мүмкін. Сондықтан, гипогликемияны болдырмау үшін дозаны уақтылы азайту немесе мұндай жағдайларда терапияны тоқтату қажеттілігі туралы есте ұстаған жөн. Дене салмағының немесе өмір салтының өзгеруі, сондай - ақ гипо-немесе гипергликемияның даму қаупінің жоғарылауына ықпал ететін басқа факторлар жағдайында дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.