+219 бонус

АЛОТЕНДИН 5 мг/10 мг №30 таб

4380 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол и амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис ФЗ ЗАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 5 мг/5 мг бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 5 мг бисопролол фумараты 5 мг амлодипин (6,95 мг амлодипин бесилатына баламалы), 5мг/10 мг бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 5 мг бисопролол фумараты 10 мг амлодипин (13,9 мг амлодипин бесилатына баламалы), 10 мг/5мг бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 10 мг бисопролол фумараты 5 мг амлодипин (6,95 мг амлодипин бесилатына баламалы), 10 мг/10 мг бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 10 мг бисопролол фумараты 10 мг амлодипин (13,9 мг амлодипин бесилатына баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты (A типі), магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
Қолданылуы
Препарат артериялық қан қысымы ұсынылатын бекітілген біріктіріліміндегідей дозалардағы жеке компоненттері (амлодипин және бисопролол) бір мезгілде қолданылғанда талапқа сай бақыланатын пациенттерде орын басу емі ретінде артериялық гипертензияны емдеу үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
Амлодипин бойынша: - ауыр гипотония - миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі - шок (кардиогендікті қоса) - сол жақ қарыншадан қанның лықсуына кедергі келтіретін аортаның айқын тарылуы Бисопролол бойынша: - инотропты әсері бар препараттарды вена ішіне енгізуді қажет ететін жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе жүрек жеткіліксіздігінің көріністері - кардиогенді шок - II немесе III дәрежедегі АВ-блокадасы (пейсмейкерсіз) - синусты түйіннің әлсіздігі синдромы - синоатриальді блокада - емдеуді бастар алдындағы клиникалық мәні бар брадикардия (жүректің жиырылу жиілігі минутына 60 соғудан төмен) - клиникалық елеулі артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым < 100 мм.сын. бағ.) - ауыр бронх демікпесі немесе өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруы -шеткері артериялардың окклюзиялайтын ауруларының ауыр түрі және Рейно синдромының ауыр түрі - емделмеген феохромоцитома - метаболизмдік ацидоз Алотендин таблеткалары бойынша: - амлодипинге, дигидропиридин туындыларына, бисопрололға және /немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі Ұсынылатын тәуліктік дозасы – белгілі бір дозасының 1 таблеткасы. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған жағдайда амлодипиннің шығарылуы ұзаққа созылуы мүмкін. Амлодипиннің дозалануына қатысты дәл ұсынымдар жоқ, сондықтан препарат пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі жағдайында бисопрололдың тәуліктік дозасы 10 мг-ден аспауы тиіс. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес. Амлодипин гемодиализ жолымен шығарылмайтын болғандықтан, оны гемодиализдегі пациенттерге айрықша сақтықпен тағайындау керек. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі жағдайында (креатинин клиренсі 20 мл/мин аз) бисопрололдың тәуліктік дозасы 10 мг-ден аспауы тиіс. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге препараттың әдеттегі дозасы тағайындалады, алайда дозаны жоғарылатқанда сақ болу керек. Балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Пациенттердің бұл санатында қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректер болмауына байланысты, Алотендин таблеткалары 18 жасқа толмаған балаларға қолдануға ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Препарат қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолданылады! Алотендинді таңертең тамақ ішуге байланыссыз, шайнамай қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Емдеуді күрт тоқтатуға болмайды, өйткені бұл клиникалық жағдайының уақытша нашарлауына әкелуі мүмкін. Әсіресе жүректің ишемиялық ауруынан зардап шегетін пациенттерде емді күрт тоқтатуға болмайды. Дозаны біртіндеп азайту ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.