АЛМОНТ 10 мг №28 таб

4500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Монтелукаст
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: натрий монтелукасты 10 мг монтелукастқа баламалы, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, төмен молекулалы гидроксипропилцеллюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты. қабықтың құрамы: Opadry Yellow (03B52874): гипромеллоза, макроголь, титанның қостотығы (Е171), темірдің (IІІ) қызыл тотығы (Е172), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
- ингаляциялық кортикостероидтардың жеткіліксіз тиімділігі, ингаляциялық кортикостероидтармен және талап бойынша әсері қысқа β-агонистерімен емдеуден жеткіліксіз клиникалық әсері кезінде жеңіл және орташа ауырлық деңгейіндегі персистирлейтін демікпесі бар 15 жастан асқан және одан үлкен пациенттер үшін бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде - бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық ринитті емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі Демікпесі немесе демікпесі және қатар жүретін маусымдық аллергиялық риниті бар 15 жастағы және одан асқан пациенттер үшін кешке қабылданатын, дозасы тәулігіне 10 мг (1 таблетка) құрайды. Жалпы нұсқаулар. Бронх демікпесін бақылау көрсеткіштеріне Алмонт 10 препаратының емдік әсері 1 күннің ішінде дамиды. Пациенттерге егер демікпені бақылауға қол жеткізсе де, сондай-ақ демікпенің барысы нашарлаған кезде де Алмонт 10 препаратын қабылдауды жалғастыру керектігін хабарлаған жөн. Препаратты құрамында монтелукаст бар басқа препараттармен бір уақытта қабылдамаған жөн. Бүйрек функциясының бұзылулары немесе жеңілден қалыпты ауырлық деңгейіне дейін бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ер адамдар мен әйел адамдар үшін дозалануы бірдей. Алмонт 10 препараты - персистирлейтін демікпенің ауырлықтың жеңіл деңгейі кезінде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозасының орнына баламалы емдеу әдісі ретінде қолданылады. Алмонт 10 препараты персистирлейтін демікпе ауырлығының орташа деңгейі бар пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмайды. Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты Алмонт 10 препаратымен емдеу. Алмонт 10 препараты ингаляциялық кортикостероидтарды және қажет болғанда әсері қысқа β –агонистерді қолдану демікпені жеткілікті клиникалық бақылауды қамтамасыз етпейтін пациенттерде қосымша ем ретінде қолдануға болады. Алмонт 10 препаратын ингаляциялық кортикостериодтармен бірден ауыстыруға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.