+43 бонус

АЛЛОХОЛ №50 таб Комплекс Ирбит

860 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Ирбитский ХФЗ ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді заттар: ірі қара малының құрғақ өті 80 мг, кептірілген сарымсақ 40 мг, қалақай жапырақтары 5 мг, белсендірілген көмір 25 мг, қосымша заттар: ядросы: магний тотығы, картоп крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты, қабығы: сахароза, магний гидроксикарбонаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы Е 171, повидон, тальк, тропеолин-О, ара балауызы.
Қолданылуы
Препарат 18 жастан бастап ересектерде кешенді ем құрамында қолдануға арналған. - созылмалы реактивті гепатит - холангит - холецистит - өт шығару жолдарының дискинезиясы - атониялық іш қатуы - холецистэктомиядан кейінгі синдром
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - калькулезді холецистит - обтурациялық сарғаю - жедел гепатит - бауырдың жедел және жеделге жуық дистрофиясы - асқазанның және 12-ішектің ойық жаралы ауруы - жедел панкреатит - балалар және жасөспірімдік 18 жасқа дейінгі кезеңі - құрамында сахароза болуына байланысты фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Дозасы
Ересектер: 3-4 апта бойы тәулігіне 3-4 рет 1-2 таблеткадан; өршігенде – 1-2 ай бойы тәулігіне 2-3 рет 1 таблеткадан. Енгізу әдісі және жолы Аллохолды ішке қабылдайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Аллохолды ас ішуден кейін ішке қабылдайды. Препаратты ішке қабылдау кезінде диета ұстану, пациенттің негізгі ауруын және асқынулардың болуын ескере отырып емдеуші дәрігермен белгіленеді. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы жеке. Қайталау курстарын 3 ай аралықпен жүргізеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.