+40 бонус

АЛЛОХОЛ №50 таб Борщаговский

810 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения желчевыводящих путей и липотропные препараты в комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Борщаговский химико-фарма
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар –  80 мг құрғақ өт 40 мг кептірілген сарымсақ ұнтағы 5 мг ұнтақталған қалақай жапырағы 25 мг белсендірілген көмір қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қос тотығы, магний стеараты, үлбірлі жабыны: Opadry White 03B28796 или Aquarius Prime BAP218010 White, Opadry II Yellow 85G38135 (титанның қостотығы Е 171, хинолинді сары Е 104, индигокармин Е 132). Сыртқы түрінің сипаттамасы Үлбірлі қабықпен қапталған, сарыдан жасылдау-сары түске дейінгі, екі беті дөңес дөңгелек пішінді таблеткалар. Көлденең сынығында қабық қабатымен қоршалған ядро көрінеді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында - созылмалы холециститте - өт шығару жолдарының дискинезиясында - постхолецистэктомиялық синдромда - атониялы іш қатуда - өт қабының асқынбаған холестерозында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - өт-тас ауруы - жедел панкреатит - жедел гепатит - бауырдың жедел және жеделге жуық дистрофиясы - обтурациялық сарғаю - сфинктер Одди түйілуі - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы - жедел энтероколит - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер тәулігіне 3-4 рет 1-2 таблеткадан қолданады. Содан кейін-тәулігіне 2-3 рет 1 таблеткадан. Енгізу әдісі және жолы Аллохол ішке қабылданады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тамақтанғаннан кейін тәулігіне 3-4 рет. Емдеу ұзақтығы 3-4 апта бойы қолданылады. Қажет болса, емдеу курсы 3 айлық үзіліспен 2-3 рет қайталанады. Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ. Ұсынылғаннан жоғары дозада ұзақ уақыт қолданғанда келесі симптомдар болуы мүмкін: диарея, жүрек айнуы, терінің қышуы, қандағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы. Емдеу: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем, арнайы антидоты жоқ. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар Егер сіз препараттың дозасын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, осы дозаны толығымен өткізіп жіберіп, әдеттегі уақытта келесі дозаны қабылдаңыз. Өткізіп алған дозаны толықтыру үшін қос дозаны қабылдамаңыз. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар - диарея - аллергиялық реакциялар (терінің күрт қызаруы, тері бөртпесі) Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз: Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі  Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.