+118 бонус

АЛЛЕРВЭЙ 5 мг №30 таб

2370 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левоцетиризин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5 мг левоцетиризин дигидрохлориді, қосымша заттар: лактоза моногидраты (Flowlac 100), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 102), коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты Қабықтың құрамы - Opadry ақ OY-58900 (гипромеллоза 5 сР, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/PEG NW400)
Қолданылуы
- аллергиялық ринитті (персистирленетін аллергиялық ринитті қоса) және есекжемді симптоматикалық емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттерінің кез келгеніне немесе пиперазин туындыларына жоғары сезімталдық бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің ауыр түрі (КК минутына 10 мл-ден аз) 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ішке аспен бірге немесе ашқарынға шайнамай, аздаған сумен ішу арқылы қабылданады. 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар Ұсынылатын күндік доза 5 мг құрайды (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка). 12 жастан асқан жасөспірімдер және ересектер Ұсынылатын күндік доза 5 мг құрайды (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка). Егде жастағы пациенттер Бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерде препарат дозасын түзету ұсынылады Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер Дозалау аралықтары бүйрек функциясына байланысты әркімге жеке белгіленуі тиіс. Келесі кестеге қараңыз және дозаны төменде көрсетілгендей түзетіңіз. Осы дозалау кестесін пайдалану үшін пациенттің креатинин клиренсін (КК) мл/мин бойынша бағалау талап етіледі. КК (мл/мин) келесі формуламен анықталған сарысу креатинині (мг/дл) бойынша бағалануы мүмкін: КК = [140 - жасы (жыл)] х масса (кг) (х 0.85 әйелдер үшін) 72 х сарысу креатинині (мг/дл) Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозалауды түзету: Тобы Креатинин клиренсі (мл/мин) Дозалануы және жиілігі Қалыпты ≥80 5 мг күніне бір рет Елеусіз 50 – 79 5 мг күніне бір рет Орташа 30 – 49 5 мг 2 күнде бір рет Ауыр < 30 5 мг 3 күнде бір рет Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы  –  диализдегі пациенттер < 10 Қарсы көрсетілімі бар Бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін балалар Доза пациенттің бүйректік клиренсі мен оның дене салмағының есебімен әркімге жеке негізде түзетілуі тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі ғана бар пациенттер дозаны түзетуді қажет етпейді. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозан реттеу ұсынылады. Пайдалану ұзақтығы Мерзімдік аллергиялық ринит (симптомдары аптасына < 4 күн/ 4 аптадан аз) ауруға және оның тарихына қарай қарастырылуы тиіс, қабылдауды симптомдары жойылғаннан кейін ғана тоқтатуға болады, және симптомдар пайда болғанда қайта жаңғыртылуы мүмкін. Тұрақты аллергиялық ринит жағдайында (симптомдары аптасына > 4 күн/ 4 аптадан астам) үздіксіз ем пациентке аллергендермен жанасу кезеңінде ұсынылуы мүмкін. 5 мг левоцетиризинді үлбірлі қабықпен қапталған таблетка түрінде қолданудың клиникалық тәжірибесі 6 ай емдеу кезеңін қамтиды. Созылмалы есекжем және созылмалы аллергиялық ринит үшін рацемат пайдаланудың бір жылға дейінгі клиникалық тәжірибесі бар. Енгізу әдісі мен жолы Ішке аспен бірге немесе ашқарынға шайнамай, аздаған сумен ішу арқылы қабылданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.