+62 бонус

АЛЛЕРГОФРИ 5 мг №10 таб

1249 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левоцетиризин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ТОО CORAL-MED KAZAKHSTAN
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 5.00 мг левоцетиризин дигидрохлориді, қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза РН101, повидон (PVPК-30), кросповидон (XL-10), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тазартылған су.
Қолданылуы
ДП ересектерге, 6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге қолдануға арналған: - аллергиялық ринитті (тұрақты аллергиялық ринитті қоса) симптоматикалық емдеуде; - созылмалы идиопатиялық есекжемде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, цетиризинге, гидроксизинге, пиперазиннің кез келген басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық диализбен емдеуді қажет ететін, бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 15 мл/мин аз) 6 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер, 12 жастағы және одан үлкен балалар мен жасөспірімдер Ұсынылатын тәуліктік доза 5 мг құрайды (1 таблетка). Қолдану ұзақтығы Мезгіл-мезгіл болатын аллергиялық ринит (симптомдар аптасына төрт күннен жиі емес немесе жылына төрт аптадан аспайтын) ауруға және оның тарихына байланысты қарастырылуы тиіс, оны симптомдар жоғалғаннан кейін ғана тоқтатуға болады, және симптомдар пайда болған кезде қайтадан қабылдауға болады. Аллергиялық ринит тұрақты болған жағдайда (симптомдар аптасына төрт күннен жиі немесе жылына төрт аптадан асатын) аллергендермен қарым-қатынаста болған пациенттерге үздіксіз ем ұсынылуы мүмкін. Таблетка түріндегі левоцетиризинді 6 айлық емдеу кезеңімен қолданудың клиникалық тәжірибесі бар. Созылмалы есекжем және созылмалы аллергиялық ринит үшін рацематты (цетиризиннің декстро-айналмалы изомері) бір жылға дейін қолданудың клиникалық тәжірибесі бар. Балалар 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: Ұсынылатын тәуліктік доза 5 мг құрайды (1 таблетка). 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін таблеткаларды қолдану кезінде дозаны түзету мүмкін емес, сондықтан 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерде дозаны түзету керек Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Тек бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны бүйрек функциясына, пациенттің мл/мин креатинин клиренсіне (КК) байланысты жеке таңдау керек. Төмендегі кестені қараңыз және дозаны нұсқауларға сәйкес реттеңіз. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету: Бүйрек жеткіліксіздігі Креатинин клиренсі (мл/мин) Дозалануы мен жиілігі Бүйректің қалыпты функциясы ≥ 90 1 таблеткадан күніне бір рет Бүйректің жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі 60 – < 90 1 таблеткадан күніне бір рет Бүйректің орташа бүйрек жеткіліксіздігі 30 – < 60 1 таблеткадан 2 күнде 1 рет Бүйректің ауыр бүйрек жеткіліксіздігі 15 – < 30 (диализді қажет етпейді) 1 таблеткадан 3 күнде 1 рет Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальды сатысы (ESRD) < 15 (диализді емдеуді қажет) Қолдануға болмайды Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда дозаны пациенттің бүйрек клиренсін және дене салмағын ескере отырып, жеке таңдау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар балалар үшін арнайы деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы тамақ ішуге қарамастан, сұйықтықпен тұтастай жұтып ішке қабылдау керек. Тәуліктік дозаны бір уақытта қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.