+90 бонус

АЛКА-ЗЕЛЬТЦЕР №10 шип таб

1800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилсалициловая кислота в комбинации с другими препаратами, кроме психолептиков
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер Биттерфельд ГмБХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар- 324 мг ацетилсалицил қышқылы, 965 мг сусыз лимон қышқылы, 1743,87 мг натрий гидрокарбонаты; қосымша заттар - повидон 25, кальций силикаты, диметикон, натрий докузаты, натрий бензоаты, натрий сахаринаты, лимон хош иістендіргіші, лайм хош иістендіргіші.
Қолданылуы
Әлсізден орташа қаттыға дейінгі ауырсынуда (мысалы, бас ауыруы, тамақтың ауыруы және дененің сырқырауы (бұлшықеттер мен буындардың ауыруы). Дене температурасының жоғарылауы (суық тию және тұмау кезінде).
Қарсы көрсетілімдер
ацетилсалицил қышқылына, басқа салицилаттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; ацетилсалицил қышқылын немесе оның туындыларын және қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаудан туындаған демікпе; асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары (өршу фазасында); геморрагиялық диатез; бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі; жүректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі; аптасына 15 мг және одан көп дозада метотрексатпен біріктіріп қолдану; жүктілік (жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап; 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Қабылдар алдында  таблетканы/таблеткаларды бір стақан суда (200 мл) еріту керек. Ішке, тамақтанудан кейін, тәулігіне 3 ретке дейін, 4-тен 8 сағатқа дейінгі аралықта 1-2 таблеткадан. Қатты ауыру мен жоғары температурада 2 таблеткадан; ең жоғарғы тәуліктік дозасы 8 таблеткадан аспауы тиіс (2,5 г). Қабылдау жиілігі мен уақыты: препаратты қабылдаулардың аралығы кемінде 4 сағатты құрауы тиіс. Препаратты қабылдау режимінің жүйелі сақталуы температураның күрт жоғарылауын болдырмауға және ауыру  синдромының қарқындылығын азайтуға мүмкіндік береді. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы адамдар үшін: әдеттегі доза 1 таблетканы құрайды, анағұрлым қатты ауырған жағдайда және қызбада 2 таблетка қабылдайды. Екі жағдайда да қажет болғанда қабылдауды қайталауға болады, бірақ 4 сағаттан ерте болмауы керек. Ең жоғары тәуліктік доза 4 таблетканы құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препаратты қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Препаратты қабылдау режимінің жүйелі сақталуы температураның күрт жоғарылауын болдырмауға және ауыру  синдромының қарқындылығын азайтуға мүмкіндік береді. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы (дәрігердің кеңесінсіз) 4 күннен аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.