+755 бонус

АЛЬФАДОЛ 1 мкг №100 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
15100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Альфакальцидол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Панацея Биотек Фарма Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында: белсенді зат – альфакальцидол 0.25 мкг немесе 1.0 мкг, тиісінше; қосымша заттар: бутилгидроксианизол, жүгері майы, желатин, глицерин, кристалданбайтын сұйық сорбитол, метилпарабен, пропилапарабен, Понсо 4R Супра бояғышы (Е 124) (0.25 мкг дозасы үшін), индигокармин бояғышы (Е 132) (1.0 мкг дозасы үшін), хинолинді сары бояғышы (Е 104) (1.0 мкг дозасы үшін).
Қолданылуы
Альфадол кальций алмасуының бұзылуымен байланысты жағдайларды емдеу үшін қолданылады, бұл 1α-гидроксилирлеу процесінің бұзылуынан туындайды, мысалы, бүйрек қызметінің төмендеуі кезінде. Негізгі көрсетілімдері мыналар: - бүйректік остеодистрофия - гиперпаратиреоз (сүйектердің зақымдануымен) - гипопаратиреоз - неонаталдық гипокальциемия - Д дәруменінің тамақпен жеткіліксіз түсуімен немесе оның АІЖ сіңуінің бұзылуымен байланысты рахит және остеомаляциялар - жалған тапшылықты (Д дәруменіне тәуелді) рахит және остеомаляция - Д дәруменіне резистентті гипофосфатемиялық рахит және остеомаляция
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші затына немесе «Құрамы» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық – гиперкальциемия, метастатикалық кальцификация – 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды (капсула құрамында бояғыштар бар болғандықтан 1,0 мкг дозасы үшін)
Дозасы
Ересектер және дене салмағы 20 кг-нан жоғары балалар: 1 мкг/тәулік. Қарт адамдар: 0,5 мкг/күн. Жаңа туған және шала туған балалар: 0,05 - 0,1 мкг/кг/күн. Дене салмағы 20 кг-нан төмен балалар: 0,05 мкг/кг/күн. Гиперкальциемины болдырмау үшін, осыдан кейін Альфадолдың дозасын биохимиялық көрсеткіштерге сәйкес түзету керек. Олар плазмадағы кальцийдің (ақуыздармен байланысуына мүлтіксіз түзетілген), сілтілік фосфатазаның, паратиреоидты гормонның деңгейлерін, сондай-ақ рентгенологиялық және гистологиялық зерттеулерді қамтиды. Ересек пациенттердің көпшілігіне тәулігіне 1-3 мкг дозаның әсері болады. Сүйектердің жазылуының биохимиялық немесе рентгенологиялық белгілері бар болса (және гипопаратиреозы бар пациенттерде, қан плазмасындағы кальцийдің қалыпты деңгейіне жеткен кезде), әдетте дозаны азайтады. Демеуші дозалар әдетте тәулігіне 0,25-1 мкг диапазонында болады. Егер гиперкальциемия туындаса, қан плазмасындағы кальций деңгейі қалпына келгенге дейін (шамамен 1 аптадан соң) Альфадол қабылдауды тоқтату керек, содан кейін алдыңғы дозаның жартысын пайдаланып қабылдауды қайта жалғастыру керек. Бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты сүйек аурулары Плазмадағы кальцийдің бастапқы деңгейі салыстырмалы жоғары пациенттерде автономды гиперпаратиреоз болуы мүмкін, ол көбінесе альфакальцидолға реакция бермейді. Басқа да емдік шаралар қолданылуы мүмкін. Альфакальцидолмен емдеуге дейін және емдеу кезінде гиперфосфатемияның алдын алу үшін фосфатты байланыстырушы дәрілерді қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан плазмасындағы кальций деңгейін жиі өлшеу ерекше маңызды, өйткені ұзаққа созылған гиперкальциемия бүйрек функциясының төмендеуін нашарлатуы мүмкін. Гиперпаратиреоз Паратиреоидэктомия жасау көзделіп отырған бастапқы немесе үшіншілік гиперпаратиреозы бар пациенттерде операция алдында альфакальцидолмен 2-3 апта бойы емдеу операция алдындағы гиперкальциемияны нашарлатпастан, сүйектердің ауыруын және миопатияны жеңілдетеді. Операциядан кейінгі гипокальциемияны азайту үшін, Альфадол препаратын қабылдауды плазмадағы сілтілік фосфатаза деңгейі қалыпқа дейін төмендегенше немесе гиперкальциемия туындағанға дейін жалғастыру керек. Гипопаратиреоз Нативті D дәруменіне реакциядан айырмашылығы, Альфадол препаратының көмегімен плазмада кальцийдің төмен деңгейі қалыпты деңгейіне салыстырмалы түрде жылдамырақ оралады. Ауыр гипокальциемия кальций қоспаларымен бірге Альфадолдың жоғарырақ (мысалы, 3-5 мкг) дозаларының көмегімен тезірек түзетіледі. Неонаталдық гипокальциемия: Қалыпты бастапқы доза Альфадол 0,05-0,1 мкг/кг/күн құрайды (мұқият титрлеумен), алайда ауыр жағдайларда доза 2 мкг/кг/күн дейін қажет болуы мүмкін. Сарысудағы иондалған кальций деңгейі организмнің реакциясын анықтауда бағдар ретінде қолданылуы мүмкін, бірақ қан плазмасындағы сілтілі фосфатаза белсенділігін өлшеу анағұрлым пайдалы болуы мүмкін. Ересектер үшін қалыпты мәннен шамамен 7,5 есе жоғары сілтілі фосфатаза деңгейі аурудың белсенді фазасын көрсетеді. 0,1 мкг/кг/күн Альфадол дозасы шала туған нәрестелердегі ерте неонаталдық гипокальциемияның алдын алу үшін тиімді екендігі дәлелденген. Д дәруменінің тағаммен келіп түсуінің жеткіліксіздігіне немесе оның АІЖ-де сіңуінің бұзылуына байланысты рахит және остеомаляциялар Д дәруменінің тағаммен келіп түсуінің жеткіліксіздігіне немесе оның АІЖ-де сіңуінің бұзылуына байланысты рахит және остеомаляцияларды Альфадол препаратының көмегімен тезірек емдеп шығуға болады. Мальабсорбция остеомаляциясы (вена ішіне үлкен дозаларына немесе нативті D дәруменінің вена ішіне дозаларына жауап беретін) Альфадолдың аз дозаларына жауап беретін болады. Жалған тапшылықты (Д дәруменіне тәуелді) рахит және остеомаляция Нативті D дәруменінің үлкен дозалары қажет болса да, Альфадолдың тиімді дозалары D дәрумені тапшылығы бар рахит және остеомаляцияны емдеуге қажетті дозаларымен бірдей. Д дәруменіне резистентті гипофосфатемиялық рахит және остеомаляция Нативті D дәруменінің үлкен дозалары да, фосфатты қоспалар да толық қанағаттанарлық болып табылмайды. Альфадол препаратымен қалыпты дозада емдеу миопатия болған кезде оны тез басады, және кальцийдің және фосфаттың іркілісін арттырады. Кейбір пациенттерге фосфатты қоспалар да қажет болу мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Препаратты ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.